Жаңалықтар

індеттен екі адам қайтыс болды

Брифинг

28  қаңтар күні облыста коронавирус жұқтырған 12  адам тіркелді. Науқастардың тоғызы Ақтөбе қаласынан болса, екеуі Мәртөктен және біреуі Алға ауданынан тіркеліп отыр. Аурушаңдықтың өсу  деңгейі — 0,3%.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы  Нұрсұлу Беркімбаева мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Рүстем Исаев  аймақтағы эпидемиологиялық жағдайды баяндады.

Нұрсұлу Беркімбаева тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды. Сондай-ақ талапқа бағынбаған кәсіпкерліктерге айыппұл салынып жатқанын айтты. Мобильді мониторингтік топтардан және жергілікті полиция қызметінен түскен материалдарға сәйкес, ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексінің 425-бабы 1-бөлігі бойынша заң бұзғандарға 182 814 906  теңге көлемінде  1342  айыппұл салынған. Координациялық орталықтар арқылы түскен хабарламалар негізінде жоспардан тыс 28 тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 27 объектіге 5 687 265 теңге көлемінде айыппұл салынған. 19 объектінің жұмысын тоқтату бойынша ауданаралық экономикалық және әкімшілік сотқа ұйғарым жіберілген.

Ақпан айынан бастап Ресеймен шектесетін Мәртөк ауданында «Жайсаң» және Қарғалы ауданындағы «Әлімбет» шекара бекеттерінде санитарлық-карантиндік пункт жұмыс жасап жатыр. Алтыншы қазаннан бастап «Әлімбет» бекеті арқылы 23 219, «Жайсаң» бекеті арқылы 45 991 адам өткен. Оның ішінде 48 адамнан коронавирус анықталды. 27 адам — транзиттік көліктердің жүргізушілері. Ал 21 адам — жолаушы.

Ал Рүстем Исаевтың айтуынша, облыстың инфекциялық стационарында 90 адам ем алып жатыр. Жансақтау бөлімінде 13 адам жатса, бір науқас жансақтау бөлімінде жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған. Карантиндік стационарда 48 адам бақылауға алынған.  28 қаңтар күні 7 адам пневмонияға шалдыққан. Жалпы облыста 67 адам өкпе қабынуымен емделуде. Соңғы аптада екі адам коронавирустан көз жұмды. Екеуі де егде жастағы адамдар.

Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 3926 адам  тіркелді, оның 50,3%-ы ауру белгілерімен  және  49,6%-ы симптомсыз  жағдай. 3746 науқас жазылып шықты. Ақтөбе қаласында 2797 адам ауырса,  Әйтеке би — 21, Алға — 108,  Байғанин — 58, Ырғыз — 54,  Қобда — 16, Қарғалы — 62, Мәртөк — 154, Мұғалжар — 192, Темір — 197, Ойыл — 21, Хромтау — 131, Шалқар ауданында 115 адам вирус жұқтырған.

Жалпы тіркелген 3926 науқастың 3,5%-ы сырттан келген. 601 науқас ауру адаммен байланыста болған. Профилактикалық мақсатта тексерілгендердің саны — 1056.  Қазіргі таңда үй карантиніне 378 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button