Басты бет » Жаңалықтар » Мәртөк ауданы тұрғындары арасында короновирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы

Мәртөк ауданы тұрғындары арасында короновирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

 АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ  БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРІ

ҚАУЛЫ

28.01.2021 ж.

Ақтөбе қаласы

Мәртөк ауданының тұрғындары арасында covid-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу, сондай-ақ Мәртөк ауданының аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай мақсатында (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Қазақстан Республикасының аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды аудандар тұрғысынан бағалау матрицасына сәйкес жасыл аймаққа кіруіне байланысты (25.01.2021 жылғы 01-08/-00-62   хатымен түскен мәлімет)), «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 104-бабының 3 және 4 тармақтарын, «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы»Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №68 қаулысының 2 тармағы 22) тармағын басшылыққа алып,

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Мәртөк ауданының әкімі, құқық қорғау және арнайы органдар:

1)Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 19 қосымшасындағы  талаптарын сақтай отырыптопты 15 адамнан артық толтырмаған кезде, алдын ала жазылу бойынша балалардыңтүзету кабинеттері, балалар мен ересектердің білім беру орталықтарының;

2) Медициналық орталықтар, кабинеттер, стоматология алдын ала жазылу бойынша;

3)Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 1 қосымшасындағы  талаптарды сақтай отырып банктердің, халыққа қызмет көрсету орталықтарының,«Қазпочта» АҚ бөлімшесінің жұмыс уақытын сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін шектей отырып;

4) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 14 қосымшасындағы  талаптарды сақтай отырып, мектепке дейінгі мекемелеріндекезекші топтар 15 адамнан аспайтын топтарды жинақтау;

5)Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 20 қосымшасындағы  талаптарды  сақтай отырып, діни объектілерде ұжымдық іс-шаралар өткізбей;

6) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25желтоқсандағы №67 қаулысының 1 қосымшасына сәйкес, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік сектор органдары, ұлттық компаниялар, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің (Бұл ретте қызметкерлердің кемінде 60%-ы қашықтықтан жұмыс жасауда қалады);

7)Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 21 қосымшасындағы  талаптарды сақтай отырып, қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда) толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан аспайтын сағат 07.00-ден 24.00-ге дейін жұмыс істеу;

8) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 5 желтоқсандағы №67 қаулысының 5 қосымшасындағы  талаптарды сақтай отырып, объектіде 1 келушіге 4шаршы метр сақтаған кезде демалыс күнінен басқа жұмыс күндері ішкі тәртіпке сәйкес жабық азық-түлік және азық-түлік емес  базарларының;

9) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 5 желтоқсандағы №67 қаулысының 5 қосымшасындағы  талаптарды сақтай отырып, объектіде 1 келушіге  4шаршы метр сақтаған кезде демалыс күнінен басқа жұмыс күндері ішкі тәртіпке сәйкес сауда үйлерінің,сауда желілерінің;

10) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 5 желтоқсандағы №67 қаулысының 9 қосымшасындағы  талаптарды сақтай отырып, мәдениет объектілерінің (30 адамнан аспайтындайындықтар);

11) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 5 желтоқсандағы №67 қаулысының 16 қосымшасындағы  талаптарды  сақтай отырып,  демалыстан басқа жұмыс күндері  бассейндердің (1 келушіге 5 ш.м. су беті есебінен, алдын ала жазылу арқылы) қызметтеріне рұқсат беруді қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы қаулы 2021 жылдың 29 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

 Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік

санитариялық дәрігері Н.А. Беркімбаева