Жаңалықтар

Елбасының алғыс хаты табысталды

Nur Otan партиясы облыстық филиалы ғимаратында биылғы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауында белсенділік танытқан азаматтар мен партия мүшелері Елбасы, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталды. Шарада барлық санитарлық талаптар сақталды.

Жиында Nur Otan партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық сайлауалды штабтың басшысы Ербол Данағұлов саяси науқан кезінде тынымсыз еңбек еткен азаматтарға ризашылығын білдіріп, Елбасының Алғыс хатын табыстады.

Биылғы сайлау науқаны кезінде облыста 14 сайлауалды штаб қарқынды жұмыс істеді. Үміткерлер мен штаб мүшелері 12 аудандағы барлық елді мекендерді аралап, халықтың мұң-мұқтажын тыңдады. Қазіргі таңда Nur Otan партиясы бес жылдық бағдарлама бойынша жұмыс жасап жатыр. Бұл бағдарламаның 85 пайызы халықтан түскен ұсыныс-тілектерді қамтиды. Соның негізінде алдағы бес жылда біз ел игілігі үшін қарқынды жұмыс жасайтын боламыз. Ал сайланған депутаттар мен бақылаушылар осы бағдарламаның орындалуын қадағалайды.

Айта кету керек, биылғы сайлауда облыста 368 үміткер штаб мүшесі ретінде қызмет атқарса, 1551 байқаушы бақылау жасады. Жасотандықтар да науқанға белсене атсалысты. Сайлаудың қорытындысы бойынша облыс тұрғындарының 58,8 пайызы өз таңдауын жасаса, оның ішінде 65 пайызы Nur Otan партиясына дауыс берді. Бұл — жақсы көрсеткіш, — деді Ербол Данағұлов.

Салтанатты шарада Елбасының Алғыс хатымен марапатталғандар қатарында ардагерлер, білім және мәдениет саласының қызметкерлері, белсенді жастар, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, мәслихат депутаттары, сондай-ақ БАҚ өкілдері бар.

Айта кету керек, Елбасының Алғыс хатымен облыс бойынша жалпы саны 890 адам марапатталды. Олардың 307-сі әйелдер болса, 361-і — белсенді жастар.

Ал биылғы сайлаудың қорытындысы бойынша облыстық мәслихаттағы Nur Otan партиясы фракциясының құрамы 59 %-ға жаңарды. Олардың құрамында білім беру, кәсіпкерлік, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ саласының өкілдері бар. Олардың орташа жасы — 49.

Данагүл ҚАЗИХАН.

Басқа жаңалықтар

Back to top button