Жаңалықтар

Коронавирус жұқтырған 6 адам тіркелді

26  қаңтар күні облыста коронавирус жұқтырған 6  адам тіркелді. Науқастардың бесеуі  Ақтөбе қаласынан болса, біреуі Мәртөк ауданының тұрғыны. Аурушаңдықтың   өсу  деңгейі – 0,2%.

Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 3904 адам  тіркелді, оның 50,2%-ы ауру белгілерімен  және  49,7%-ы симптомсыз  жағдай. 3730 науқас жазылып шықты. Ақтөбе қаласында 2780 адам ауырса,  Әйтеке би — 21, Алға — 107,  Байғанин — 58, Ырғыз — 54,  Қобда — 15, Қарғалы — 62, Мәртөк — 152, Мұғалжар — 192, Темір — 197, Ойыл — 21, Хромтау — 131, Шалқар ауданында 114 адам вирус жұқтырған.

Жалпы тіркелген 3904 науқастың 3,5%-ы сырттан келген. 594 науқас ауру адаммен байланыста болған. Профилактикалық мақсатта тексерілгендердің саны — 1051.  Қазіргі таңда үй карантиніне 354 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button