Жаңалықтар

Биыл 300 шақырым жол жөнделеді

Брифинг

Кеше өңірлік коммуникация қызметінде «Ақтөбе-Атырау» тасжолының құрылысы аясында атқарылатын жұмыстар туралы брифинг өтті. Сондай-ақ өзге көлік жолдарының жаңартылу барысы баян етілді.

Облыстық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мәлімбет Ибрашовтың айтуынша, биыл облыстық және аудандық маңызы бар 300 шақырым жолды жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр.

— Ақтөбе-Қандыағаш бағыты бойынша жөндеу жұмыстарына конкурс рәсімдері ұйымдастырылып, жеңімпаздар анықталды. Нәтижесінде екі учаске бойынша компаниялармен келісімшарт жасалды, — деді ол.

Бірінші учаске бойынша жобаның құны — 39,8 миллиард теңге болса, екіншісіне 22,8 миллиард теңге бөлінген. Ауқымды жұмыстар сәуір айында басталады деп күтілуде.

Өз кезегінде «Қазавтожол» компаниясы Ақтөбе облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Қазыбек Мәмбетов жолдың құрылыс деңгейін, оның сапасын құзырлы органдар мен «Ақтөбе — адалдық алаңы» жобалық кеңсесі бақылайтынын атап өтті. Жұмыс барысында жоғары һәм жаңа технологиялар қолданылатынын айтқан ол  аталған жобаға барлығы 1 мыңға тарта адамның жұмысқа тартылатынын қосты.

Сонымен қатар биыл елді мекендердегі көлік жолдары «Ауыл — ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында ретке келтірілетіні тілге тиек етілді.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button