Басты жаңалықтар

Құмшекер мен қарақұмықтың бағасы төмендеді

Бүгіннен бастап «HALYQ SAҮDA» шағын көтерме дүкендерінде қарақұмық пен құмшекер төмен бағада сатылып жатыр. Шағын көтерме сауда дүкендері желісі мен «Қазпошта» акционерлік қоғамының Ақтөбе облыстық филиалы ұйымдастырған акция 90 күн бойы жалғасады.

— Ақтөбе облысы әкімінің 2020 жылдың 21 желтоқсанындағы «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекіту туралы» №463 қаулысын жүзеге асыру мақсатында «HALYQ SAUDA»  шағын көтерме сауда дүкендері желісі «Қазпошта» акционерлік қоғамының Ақтөбе облыстық филиалымен бірге  25 қаңтардан бастап қарақұмық пен құмшекер бағасын төмендетеді. Қала тұрғындары 90 күн бойы қарақұмықтың келісін 338 теңгеден, ал құмшекерді 230 теңгеден сатып ала алады. Алдағы уақытта да осы бағаны ұстауға тырысамыз. Әлеуметтік карта иелері қант пен қарақұмықты 5 келіден аспайтын көлемде сатып ала алады, — дейді «HALYQ SAUDA» шағын көтерме сауда орталығының өкілі Аспандияр Есенжолов.

Айта кетейік, «HALYQ SAUDA» шағын көтерме дүкені — «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның бастамасымен жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жоба. Бүгінгі таңда облыс орталығында «HALYQ SAUDA»-ның 9 дүкені жұмыс жасап тұр. Оның үшеуінде ет сататын бөлім бар. Тұрғындар бұл дүкендерден азық-түлік пен шаруашылық тауарларын, сондай-ақ ет өнімдерін төмен бағада сатып ала алады.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button