Басты жаңалықтарЭкономика

Нан өнімдері бағасын тұрақты ұстауға ерекше назар аударылды

Биыл облыста тұрақтандыру қорының бюджетін нан өнімдерінің бағасын тұрақты ұстап тұру мақсатында 600 миллион теңгеге ұлғайту жоспарланған. Бұл — аймақта азық-түлік қауіпсіздігін күшейту мақсатында қолға алынған шара.

«Ақтөбе»  әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының ресми мәліметіне сәйкес, тұрақтандыру қорын қалыптастыру үшін былтыр жергілікті бюджеттен 240 миллион теңге бөлінген. Биыл 21 қаңтардағы жағдай бойынша, әлеуметтік маңызды азық-түлік тізіміне енген 19 тауардың ішінде қорда 3,7 тонна қант, 41,7 тонна бірінші сұрыпты ұн, 54,6 тонна күріш қалған.

2020-2021 жылдардағы маусымаралық кезеңде тұрақтандыру қорына көкөніс жеткізуші шаруа қожалықтарына (кестеде — авт.) 100 пайыз алдын ала төлеу тәсілімен, жалпы сомасы 196,9 миллион теңгеге фьючерлік келісімшарттар жасалған.

Жыл Тауар жеткізуші Тауар  атауы Көлемі  (тонна) Сатып алу құны Сатып алу сомасы

млн тг.

2020-2021 «СХФ Пригородный» ЖШС Картоп 1 788 59 105,5
Пияз 485 54 26,2
Сәбіз 419 59 24,8
Қырыққабат 319 59 18,8
«Болат ЛТД» ЖШС Картоп 200 58 11,6
«Еламан 2016» ЖШС Картоп 200 50 10,0
БАРЛЫҒЫ: 3 411 196,9

Корпорация мамандарының айтуынша, биыл облыста тұрақтандыру қорының бюджетін нан өнімдерінің бағасын тұрақты ұстап тұру мақсатында 600 миллион теңгеге ұлғайту жоспарланған. Бұл — аймақта азық-түлік қауіпсіздігін күшейту мақсатында қолға алынған шара. Тұрақтандыру қорының қаржысынан наубайханаларға биыл 1 қазанға дейін 129,9 миллион теңге қарыз берілген.

Корпорация кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде де бірқатар жұмыстарды жүзеге асырған. Соның бірі —  «Бриг» ЖШС арасында мақсатты қарыз жөнінде келісімшарт жасау арқылы бөлшек сауда бағасы мен бөлшек сауда шарттарын белгілеу талаптарына сәйкес, әлеуметтік маңызды азық-түлік тізіміне енген 9 тауар (қант, күнбағыс майы, сүзбе (майлылығы 5-9 пайыз), сары май (тұздалмаған, майлылығы 72,5 пайыздан кем емес), айран (жұмсақ қаптамадағы, майлылығы 2,5 пайыз), пастерленген сүт (жұмсақ қаптамадағы, майлылығы 2,5 пайыз), сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі), тауық еті (сан сүйек және жұмсақ еті бар сан жілік) және тауық жұмыртқасы (1 санатты) бағасының шекті мәні бекітілген. Бұл баға 2022 жылдың 18 маусымына дейін сақталады.

«Бриг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  тауарды несие қаражатына және өз қаржысына сатып алып жатыр.  Осылайша әлеуметтік маңызды азық-түлік тізіміне енген 19 тауардың ішінде макарон өнімдері мен ас тұзынан басқасының қоры жасақталды. Аталған азық-түлік өнімдерін қазір сатып алу экономикалық тұрғыда тиімсіз, — деді корпорация мамандары.

Арайлым НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button