Жаңалықтар

Ақтөбе қаласында 18 адам коронавирус жұқтырды

19  қаңтар күні облыста коронавирус жұқтырған 18 адам тіркелді. Науқастардың барлығы Ақтөбе қаласының тұрғындары. Оның тоғызында ауру белгісі байқалмаған. Аурушаңдықтың   өсу  деңгейі — 0,5%.

Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 3841 адам  тіркелді, оның 49,9%-ы ауру белгілерімен  және  50%-ы симптомсыз  жағдай. 3684  науқас жазылып шықты. Ақтөбе қаласында 2730 адам ауырса,  Әйтеке би — 21, Алға — 104,  Байғанин — 58, Ырғыз — 54,  Қобда — 15, Қарғалы — 61, Мәртөк — 147, Мұғалжар — 189, Темір — 197, Ойыл — 21, Хромтау — 131, Шалқар ауданында 113 адам вирус жұқтырған.

Жалпы тіркелген 3841 науқастың 3,5%-ы сырттан келген. 579 науқас ауру адаммен байланыста болған. Профилактикалық мақсатта тексерілгендердің саны — 1053.  Қазіргі таңда үй карантиніне 372 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button