Әкімдер есебі

Аққұдықта көше жарығы жиі өшеді

Хромтау ауданының әкімі Нағымжан Алдияров Аққұдық ауылы тұрғындары алдында есеп берді. 

Есептік кездесуге облыстық еңбек инспекциясының басшысы Саламат Аманбаев, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мен ауыл халқы қатысты.

Кездесуде Аққұдық ауылының, содан соң ауданның есепті мерзімдегі әлеуметтік-экономикалық дамуы мен биылға жоспарланған міндеттер туралы баяндалды.

Содан соң ауылдықтар өз ұсыныстары мен пікірлерін айтты, сауалдар қойды. Олардың айтуынша, Аққұдық ауылына медициналық пункт керек. Десе де халық саны 500-ге жетпейтін ауылда бұл мәселе әзір шешімін таппай тұр. Сол сияқты жарық жиі өшетін ауылда ұялы байланысқа қатысты мәселе де бүгінгі күні өзекті болып тұр. Бұл орайда Н.Алдияров ауыл әкіміне ұялы байланыс үшін мұнара орнату, Глобус-Телеком қондыру жөніндегі халықтың ұсынысы бойынша жұмыстануды тапсырды. Ал жарыққа қатысты мәселе жаз айларында шешілмек. Аудан әкімі жергілікті халыққа жаз шыға ауылға жаңа трансформатор орнату жоспарда барын айтып, сендірді.

Ләззат ӘБДІРОВА,

Хромтау ауданы.   

Басқа жаңалықтар

Back to top button