Әкімдер есебі

Үш округтің тынысы

Мұғалжар ауданының әкімі А.Шерияздановтың есепті кездесуі Талдысай, Еңбек, Ақкемер ауылдық округтерінде жалғасты.

Аудан басшысы өткен жылы атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталып, 2021 жылға арналған жоспарларымен бөлісті. Ал округ әкімдері елді мекендерде былтыр жүргізілген жұмыстарды баяндап, тұрғындардың сауалдарына жауап берді. Ауыл тұрғындары соңғы жылдары бірқатар əлеуметтік мəселелердің шешімі табылғанын тілге тиек етіп, ұсыныс-тілектерін жеткізді.

Аудан әкімі өз баяндамасында 2021 жылы Талдысай, Басшилі, Құмсай, Жарық, Шеңгелши, Қожасай ауылдарының ауызсумен қамтамасыз етілетінін, Жұрын мен Елек ауылдарына газ құбыры тартылатынын айтты. Сонымен қатар Қандыағаш қаласының «Самал» шағын ауданынан 600 орындық жаңа мектептің, Ембі қаласының «Қазақстан» шағын ауданында 320 орындық жаңа мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілетінін жеткізді.

Есепті кездесулер санитарлық талаптарға сай өткізілді. Сонымен қатар үш округтің тұрғындары есепті кездесуді ауылдық округтердің əлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы тікелей эфирде тыңдады.

Жандос АБАЙҰЛЫ,

Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button