«HALYQ SAÝDA» шағын көтерме сауда орталығы дүкендерінде бірқатар азық-түліктің бағасы одан әрі төмендетілді.
Арзандаған тауарлардың тізімінде бірінші сұрыпты ұн, күнбағыс майы, макарон өнімдері, күріш, қарақұмық, ет консервісі, ас тұзы және жұмыртқа бар.
«HALYQ SAÝDA» желісі орталығының өкілі Аспандияр Есенжолов 15 қаңтардан бастап шағын көтерме сауда желісінің барлық 9 дүкенінде
8 түрлі тауардың бағасы арзандағаны туралы айтты.
— Қоймаларымыз азық-түлікке толы. Сондықтан бұл баға ұзақ уақыт сақталады, — деді ол.
«Төмен бағалар марафоны» акциясы — облыс әкімінің тапсырмасымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында қолға алынған шара.
Арайлым НҰРБАЕВА.
Азық-түлік атауы | Бұрынғы бағасы/ теңге | Акция кезіндегі бағасы/ теңге |
«Лидер» күріші (1кг)
|
290 | 275 |
1 сұрыпты ұн (1кг)
|
140 | 131 |
«Премиум» макарон өнімі (2 кг) | 428 | 400 |
Қарақұмық
(1 кг) |
365 | 350
|
«Кудесница» күнбағыс майы (0,875 л) | 470 | 435 |
Ас тұзы
|
42 | 39 |
Ет консервісі
|
605 | 570 |
1-санатты «Деревенское» жұмыртқасы
(1 дана) |
44 | 42 |