Жаңалықтар

«Ғажайып әлем» және ерекше балалар

Хромтау қаласындағы №5 «Ақбота» балабақшасында ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған арнайы топ ашылды.

Мұндай топты ашудағы мақсат — ерекше балалардың сапалы білім алуына  жағдай жасау, олардың ой-өрісін дамыту және тәрбиелеу.

Мамандардың айтуынша, қазір бұл топта 10 ерекше бала бар. Білім алуда  ерекше қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық  сүйемелдеу  үшін  арнайы  логопед,  дефектолог, психолог мамандар мен тәрбиешілер қызмет жасайды.

Топ бөлмелері бағдарламаға сай жасақталған. Арнайы  топта түзету, дамыту жұмыстарын  жүргізуге толық мүмкіндік бар. Ерекше балалар үшін арнайы тынығу орындарымен қатар, «Ғажайып әлем»  бөлмесі  жасақталған. Бұл жерде балалардың өздігінен еркін ойнауына мүмкіндігі бар.

Ләззат ӘБДІРОВА,

Хромтау ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button