Құқық

4 мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегі тіркелді

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері өңірде 4 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу оқиғасы тіркелген.

Биылғы жылдың алғашқы екі аптасында облыста 60-тан астам жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені белгілі болды. 185 жүргізуші жаяу жүргіншілердің жүруіне  жол бермегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 399 жаяу жүргінші жол қозғалысы ережесін бұзды.

Сонымен қатар жылдамдық режимін бұзған 1399 жағдай тіркелді. 12 жүргізуші жолдың қарсы қозғалыс жолағына шығып, жол ережесін бұзса, 145 жүргізуші ұялы телефонды пайдаланғаны үшін жауапқа тартылды.

15 тәуліктің ішінде облыста 20 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оның салдарынан 31 адам түрлі жарақат алып, екі адам қаза болды. Жаяу жүргіншілердің қатысуымен 3 жол-көлік оқиғасы болды.

Осыған байланысты облыстық полиция департаментінің өкілдері жол қозғалысының қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

А.ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button