Әкімдер есебі

Ақтөбе қаласы Алматы ауданының әкімі Әміржан ОРАЗҒАЛИЕВТІҢ «2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» есебінің ТЕЗИСТЕРІ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында пандемияға қарсы күрес, жаңа жағдайдағы экономикалық даму, жұмыс орындарын және халықтың табысын сақтап қалу, мемлекетті нығайту және денсаулық сақтау саласын дамыту мәселелеріне тоқталды. Жолдауда дағдарысқа қарсы жедел шаралардың екі топтамасы қабылданды.

Ақтөбе қаласының Алматы ауданы құрамына 28 елді мекен кіреді. Тұрғындарының саны — 230 мың адам, аудан аймағы 175187 гектарды құрайды. 2020 жылы жеке және заңды тұлғалардан 183 арыз-шағым түсіп, тұрғындармен 50 кездесу өткізілді. Нәтижесінде тиісті жоспарлар жасалып, абаттандыруға қатысты, көшелерді жарықтандыру, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау, қоғамдық көлік қозғалысы, жолдарды жөндеу, балалар ойын алаңдарын салумен қатар басқа да жұмыстар жүргізілді. Барлық келіп түскен 183 өтініш уақтылы қаралып, жауаптары берілді.

САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛАУ

Тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару бойынша аудан аумағында                             4 мердігер мекеме қызмет көрсетеді. Олар: «Нео плюс» ЖШС, «Таза Қарғалы», «Инсар Сервис» ЖШС және ЖК «Қамысбаев».

Қарғалы тұрғын үй алабы бойынша 45 жаңа қоқыс жәшіктері орнатылып, 23 қоқыс алаңының құрылысы қолданысқа берілді.

Төтенше жағдай кезінде жұмыссыз қалған 129 адам  бір айлық санитарлық тазалау жұмысына тартылып, 191 тонна қоқыс қалдығы шығарылды.

Сонымен қатар «Компания Жерұйық Консалтинг» ЖШС мердігер мекемесі Қарғалы өзенінің (ұзындығы 800 метр, ені 75 метр, аумағы 60 000 ш.м.) арнасына тазарту жұмыстары. жүргізді.

АБАТТАНДЫРУ

«Өтес-Ақтөбе» ЖШС мердігер мекемесі 625 түп қураған ағашты кесу, 2700 түп ағашты әктеу, 36 түп ағашқа жасарту жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар Қарғалы тұрғын үй алабының аумағына 170 түп көшет, №45 мектеп аумағы және ЭКСПО-2017 ғимараты аумағында алма бағы, Қарғалы («Нұр Ақтөбе») тұрғын үй алабындағы «Дина» супермаркетінің қарама-қарсы бетіне жалпы саны 700 түп ағаштар отырғызылды.

2020 жылы Сүт зауыты ауданындағы айналма жолды және Заречный-2 тұрғын үй алабын 144 дана шаммен жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.

«ИнтерЭлектроКомплект» ЖШС елді мекендердегі (Заречный-2,3, Қызылжар-1,2,3, Қурайлы, Өрлеу, Бекқұл баба, Белогор, Ақжар-2, Қарғалы, К.Нокин, Садовый және т.б.) істен шыққан 2000-ға жуық көше шамын толықтай ауыстыру жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ Кереев көшесі,  2, 3, 4, 5, 7,  Ы.Алтынсарин көшесі, 31, 33, 8/2, 4/1, Жаңқожа батыр көшесі 9, Нефтяников көшесі, 23, Д.Қонаев көшесі, 202, Әйтеке би көшесі, 126 көп қабатты үйдің аулаларына шамдар орнатылды.

ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫ

Ақтөбе қаласының Алматы ауданы бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2020 жылы «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй алабында пайдалануға 73,6 мың м2 немесе 1037 пәтер берілді.

Алматы ауданының тұрғындарын электр жарығымен қамтамасыз ету мақсатында электр желілерінің құрылыс жұмыстары жүргізілді.

Ақшат-3 тұрғын үй алабында электр желісінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме «Өтес-Ақтөбе» ЖШС (аяқталу мерзімі 2021 жыл нарыз айының аяғы). «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй алабы, 1,2,3,4-шағын аудандарын жылумен қамтамасыз ету мақсатында жалпы қуаты 115,2 мВт жаңа қазандықтың, «Нұр Ақтөбе» тұрғын алабын электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында ПС 110/10 кВ «Восточная» электр станциясы, ПС 220/110/35/10 кВ «Ақжар-2» қосалқы станциясы қолданысқа берілді.

Қызылжар тұрғын үй алабында ТУСМ-14 аумағында электр желісін қайта жаңғырту құрылысы жұмыстары жүргізілді.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Жарлығын және Ақтөбе облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері №пгсв-10 қаулысының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында ауқымды іс-шаралар атқарылды.

Аудан аумағындағы көктемгі су тасқыны кезінде суға кету қаупі бар Шилісай, Садовый, Пригородный, К.Нокин, Қызылжар, Мағаджан, Сая, Ақшат елді мекендерін аралап, суға кету қаупінің алдын алу жұмыстары жүргізілді.

Көктемгі су тасқыны кезінде аудан тұрғындарынан түскен өтініштер бойынша «ТехПром» ЖШС аудан аумағынан шамамен 64,8 мың м3 қар шығарылды. (Құрмыш, Заречный-4, Ясный, Ақжар-2, Қарғалы, Қызылжар, 312-атқыштар дивизиясы, Қурайлы, Сүт зауыты ауданы).

ЖОЛ-КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ

2020 жылы Алматы ауданы бойынша күрделі жөндеу жұмыстары — 18 көшеге (жалпы ұзындығы 29831 м), орташа жөндеу жұмыстары — 17 көшеге (жалпы ұзындығы 26 510 м) және ағымдағы жөндеу жұмыстары Ақжар тасжолы, Қарғалы тұрғын үй алабы («Нұр Ақтөбе»), Хромтау тасжолы, Алтын дән көшесі, Қарғалы тұрғын үй алабының Қайдауыл батыр көшелеріне жүргізілді.

Сонымен қатар Қызылжар-3, Қарғалы т/а Геологтар, Молодежная, Байғанин көшелеріне фрезерленген материалдар төселінді. Қиыршық тас төсеу жұмыстары Ақжар-2 тұрғын үй алабы — 13 көше, Заречный-3 тұрғын үй алабы — 8 көше, Қарғалы тұрғын үй алабы — 7 көше, Заречный-2 тұрғын үй алабы — Н.Имашев көшесі,  Рауан тұрғын үй алабы, №74 ЖББОМ тұрағы, Ясный-2 тұрғын үй алабы —2 көше, 41-разъезде — 2 көшеде, Ипподром көлік тұрақтарына жүргізілді.

Қоғамдық көліктер мен автобус аялдамаларына, атап айтқанда, «Ақтөбе қаласының жолаушылар автокөлік кәсіпорны» ЖШС 44 қоғамдық көлігіне, «Автопарк» ЖШС мекемесінің 60 қоғамдық көлігіне және 250 аялдамаға дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді.

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

Ауданға қарасты 42 мектепті 1223 оқушы бітіріп, оның ішінде 111 бала «Алтын белгі» медалімен марапатталды. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес 2020-2021 оқу жылының І-тоқсанында оқушылар онлайн форматта оқыды. Ауданның 37 763 оқушысының 7 552-сі мектепте, ал 30 211 бала қашықтан білім алуда.

2020 жылы Рауан тұрғын үй алабында 300 орындық, Қарғалы («Нұр Ақтөбе») тұрғын үй алабындағы 900 орындық мектептері іске қосылды.

Сонымен қатар №50, №14, №42, №53, №59 орта мектептерде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ №13, №53 орта мектептеріне жапсырма құрылыстары жүргізілуде.

Қарттар күні мерекесі аясында 18 зейнеткерге естелік сыйлық табысталды.

1 маусым — Балаларды қорғау күніне орай аз қамтылған отбасыға «Емшан» ЖШС-ның демеушілігімен пәтер беріліп, қалалық мәслихат депутаттарының қолдауымен аз қамтылған отбасыға 5 ноутбук сыйға тартылды.

Жаңа жыл мерекесіне орай 505 аз қамтылған отбасыға жаңажылдық сыйлық табысталды.

2020 жылдың қаңтар айынан бастап 39 көпбалалы анаға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқалары табысталды.

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған  мемлекеттік бағдарламасы ауданда іске асырылуда.

Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша:

Қысқа мерзімді кәсіби оқуға еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға (аспаз, тігінші, тәттігер, электрик, автоэлектрик, газдәнекерлеуші, жүк тиеуші жүргізушісі, шаштараз, маникюр) 51 жұмыссыз жолданды.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша:

«Ақтөбе ауыл микрокредит» микроқаржылық ұйымы арқылы кәсіпкерлікті дамытуға 1 адам шағын несие алды.

«Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерліктің негіздерін оқыту мақсатында 209 адам оқуға бағытталды.

Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде:

Жұмыспен қамту арқылы еңбек нарығын дамыту:

– Әлеуметтік жұмыс орындарына — 62 жұмыссыз;

– Жастар іс-тәжірибесіне — 368 түлек;

– Ақылы-қоғамдық жұмысқа — 172 жұмыссыз;

– «Жасыл ел» арқылы — 161 адам;

– Тұрақты жұмыс орындарына — 4063 жұмыссыз жолданды.

Аумақтарды дамыту бағдарламасы шеңберінде 2669 жаңа жұмыс орны ашылды. Жұмыспен қамту орталығында тіркелген жұмыссыздар саны — 827.

Жұмыспен қамтудың жол картасы

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Ақтөбе қаласы бойынша 111 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарланды. Оның 62-сі Алматы ауданы аумағында орналасқан.

Ақтөбе қаласы бойынша жоспарланған жаңа жұмыс орны — 7369, жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа бағыттау — 3686, жұмысқа бағытталғаны — 3237 адам. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы арқылы 1578 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды.

Алматы ауданы бойынша 1635 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады.

2020 жылы Алматы ауданы әкімшілігі арқылы жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен 274 тұрмысы төмен отбасыларға  3 563 283 теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілді.

Сонымен қатар Құрбан айт мерекесінде мешіттер арқылы 399 аз қамтылған отбасыға көмек көрсетілді.

«Элитстройсервис-Ақтөбе» ЖШС-ның демеушілік қолдауымен Алматы ауданының  тұрғыны аз қамтылған (3 жетім баланы асырап алушы) отбасына қаржылай көмек көрсетілді.

КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫ

 

Алматы ауданы бойынша 19,0 мың астам кәсіпкер тіркелген, 44 кәсіпкер ауыл шаруашылығы саласы бағытында жұмыс жасайды.

«Қазақстан Республикасының «Үдемелі-индустриалды инновациялық дамуының 2016-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» және өңірлік  инвестициялық жобалар аясында индустриальды-инновациялық 4 жоба, халыққа қызмет көрсету саласы бойынша 6 жоба жоспарланған.

2020 жылдың қаңтар-қазан айларында 8 жоба іске қосылды. Индустриалды-инновациялық  жоба аясында 2 жоба іске қосылса, олар: «Көктас Ақтөбе» АҚ-құрылыс материалдар зауыты, «Айс плюс» ЖШС-ның балмұздақ цехын жаңғырту.

Халыққа қызмет көрсету саласы бойынша  6 жоба қосылды. Олар: кіріктірілген стоматологиялық қондырғысы бар әлеуметтік-тұрмыстық нысан, қоғамдық монша, монша-сауықтыру орталығы, кондитерлік желі, жылыжайларды кеңейту, көкөніс сақтау қоймаларын қайта құру.

Алматы ауданы агроөнеркәсіп саласында барлығы 44 шаруашылық  жұмыс жасайды. Соның ішінде: 10 ЖШС, 26 шаруа қожалығы және 10 жылыжай. Аталған сала бойынша барлық ауыл шаруашылығы құрылымдары 13566 гектар жерге  тұқым салып, жазғы егіс науқанын аяқтады. Нәтижесінде  4318,8 тонна  егіс өнімі жиналып,10 122,5  тонна көкөніс өндірілді.

2020 жылы 10 мәрте ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізілді.

Мал шаруашылығы саласында шаруаларды мал азығымен қамтамасыз ету мақсатында 8788 тонна шөп дайындалды. Сонымен қатар, мемлекеттік қолдау көрсету арқылы асылтұқымды малдың үлесін арттыру бойынша шаралар қабылдануда.

Алматы ауданына қарасты елді мекендердегі қазіргі уақыттағы есеп бойынша мал басы: ірі қара — 8649 бас, қой мен ешкі — 15 307, жылқы — 4059, түйе —                      113, шошқа — 200.

Өндірілген өнім көлемі: ет өнімі — 6266,7 тонна, сүт — 17630,0 тонна, жұмыртқа — 123735 мың дананы құрады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button