Пікір

Алдымызға бірқатар талап қойды

Бақыт ЖАНШАЕВА, облыстық мәслихат депутаты

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде өзі қолға алған саяси реформаны жүйелі түрде жетілдіре отырып жүргізе беретінін мәлімдеп, маңызды саяси-экономикалық, әлеуметтік мақсат-міндеттерді нәтижелі жүзеге асыру үшін алдымызға бірқатар талап қойды.

Президент «2025 жылға қарай әрбір азамат үшін тиімді институционалдық және инфрақұрылымдық орта қалыптастыру» үшін барлық салаларда дәйекті өзгерістер жасалатынын айтты. Бұл мақсатта бірнеше басымдық айқындалды. Соның бірі — Қазақстандағы реформалардың басты бағытының бірі – саяси жаңғыру. Саяси реформа барысында көппартиялықты дамытуға  мән берілген. Кешегі сайлауда бірнеше партияның  қызу таласқа түскенін көрдік. Енді саяси партияларға Мәжіліске өту үшін керек 7% дауыс жинау шегі  5%-ға түсетін  болды. Бұл  партиялардың белсенділігін арттыратыны анық. Сондай-ақ дауыс беру бюллетеніне «бәріне қарсымын» деген графа енгізіледі.

Негізінен, адам құқығы қорғауға бағытталған саяси реформадағы ең маңыздысы  —  Омбудсмен туралы бөлек заң  қабылданатын болды. Қоғамды демократияландыру бағытында  әуелі ауыл  әкімдерін, кейін аудан әкімдерін сайлау жүргізілмек. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сай онлайн петиция институты қолға алынады. Қоғамдық бақылау жүйесін одан әрі жетілдіру азаматтардың жауапкершілігін, саяси реформаның  тиімділігін арттырады. Облыстық мәслихатқа жаңадан сайланған депутат ретінде осы саяси реформаны жүзеге асыруға, қоғамды демократияландыруға барынша күш саламын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button