Жаңалықтар

Көше павильондарына мониторинг жүргізілді

«Arman qala» әлеуметтік  жобасы аясында ашылған  көше павильондарына мониторинг жүргізудегі мақсат —  көше павильондарының мақсатты пайдаланылуын,  санитарлық талаптардың сақталуын, айналасының тазалығы мен қала сәулетіне сәйкес болуын қадағалау.

Мониторингтік топ өз жұмысын «Нұр Ақтөбе» шағын ауданындағы сауда нүктелерінен бастады. Жарты жылда бұл ауданда он шақты көше павильоны ашылған. Бәрі де талапқа сай жұмыс жасайды. Тек бір павильон иесіне көкөніс жәшіктерін жоғары сөрелерге орналастыру қажеттігі ескертілді. Кәсіпкерлердің ұсыныс-пікірлері де тыңдалды.

Қаладағы 101-атқыштар бригадасы көшесінде қатарласа орналасқан үш павильонның жағдайы талапқа сәйкес келді. ⠀

Бүгінде қаланың «Батыс Қазақстан жәрмеңкесі» базары маңында автокөлік бөлшектерін сататын шағын павильон орнатылған. Дегенмен бұл жерде электр желісін өткізу мәселесі шешілмей тұр. Мониторинг топ мүшелері бұл проблеманы назарға алды. Кәсіпкерге бұл мәселені шешудің  жолдары қарастырылатыны айтылды. ⠀

Көше павильондарының мақсатты пайдаланылуын қадағалау шарасы әлі де жалғасады. Арнайы топ апта сайын мониторингке шығуды жоспарлап отыр.

Қазір қала бойынша «Arman qala» әлеуметтік  жобасы арқылы 61 көше павильоны ашылған.

Арайлым НҰРБАЕВА.   

Басқа жаңалықтар

Back to top button