Жаңалықтар

Қызмет алушыларға сый-құрмет көрсетті

Жыл басында «Азаматтарға арналған үкімет» Ақтөбе облыстық филиалының мамандары ерекше себеппен қызмет алуға келген азаматтарға естелік сыйлықтар табыстауда. Өз кезегінде қызмет алушылардың бұл бастамаға деген ықыласы зор. Жылы қабылдап, алғыстарын айтып жатыр.

— Тұрғындарға сапалы қызмет көрсету — біздің міндетіміз. Әрбір азамат алғаш рет жеке немесе жүргізуші куәлігін, жаңа туған сәбиіне құжат рәсімдеген күнін естен шығармауы керек. Сондықтан осындай маңызды сәттерді жағымды естелікпен есте қалдыруды ұйғардық. Бұл бастаманы ұйымдастыру барысында қызметшілеріміздің де жұмысқа деген құлшынысы артып, халыққа қызмет көрсету орталықтарында жағымды атмосфера қалыптасты, — дейді «Азаматтарға арналған үкімет» Ақтөбе облыстық филиалының директоры Руслан Ерғалиев.

Айта кету керек, бұл шараны өткізудегі мақсатпандемия кезінде көңілі жабырқаған халыққа демеу болу, тұрғындарға ерекше сәттерін есте сақтауына үлес қосу.

Сәуле Хамидолла,
«Азаматтарға арналған үкімет» 
мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ
Ақтөбе облыстық филиалының
ресми өкілі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button