Жастар

Жастардың қайырымдылығы

Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығының мамандары мен ерікті жастар «Игі іс жасауға асық» атты қайырымдылық акциясын өткізуде.

«Jastarga-qyzmet» жобасы аясында өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойына адамгершілік пен ұлттық құндылықтарымызды дарыту мақсатында ұйымдастырылған қайырымдылық шарасы өткен жылдың қараша айында бастау алды.

Жақында жастар қаладағы жалғызбасты қарт Роза Догадинаның үйіне барып,  ауласында жиналған қалың қарды тазалады. Сондай-ақ қарияның үй шаруасына көмек көрсетіп, алғысына бөленді.

  • Осындай игі істерді ұйымдастыра отырып, жастарды қоғамдық пайдалы іс-әрекеттерге баулып, олардың рухани дамуына үлес қосамыз деген ойдамыз. Қыс мезгілінде еріктілер қар тазалаудан бөлек, қариялардың үйін жинауға да көмектеседі. Сонымен қатар қақаған қыстың аязында сыртта жүрген коммуналдық сала қызметкерлеріне ыстық шай да таратады, — дейді ұйымдастырушылар.

А.ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button