Жаңалықтар

Әлеуметтік картаның артықшылығы

Төлем

«Halyq Saýda» сауда желісі дүкендерінде «Қазпошта» әлеуметтік картасы арқылы төлем жасауға болады.

Мамандардың айтуынша, мұндай картамен төлем жасаған тиімді. Жұмсалған қаражаттың 10 пайызы кері қайтарылады.

Әлеуметтік картаның артықшылықтары жайында «Қазпошта» АҚ Ақтөбе филиалы директорының орынбасары Еркебұлан Мұстафин: «Бұл картаны зейнетақы, жәрдемақы, еңбекақы және басқа да аударымдар жасау үшін, сонымен қатар қоғамдық көліктерде жолақы төлеу үшін қолдануға болады. Сонымен қатар «Halyq Saýda» сауда желісі дүкендері сияқты серіктес компаниялар біздің клиенттер үшін түрлі жеңілдіктер жасайды. Мәселен, супермаркеттер мен дәріханаларда сауда жасалса, 10 пайызға дейін кэшбэк қарастырылған», — дейді.

Оның айтуынша, болашақта әлеуметтік картаның мүмкіндіктерін кеңейту жоспарда бар. Яғни медициналық, дисконт, сақтандыру карталарын, сонымен бірге зейнеткер, студент және оқушы билеттерін біріктіру жоспарланып отыр.

«Halyq Saýda» сауда желісі дүкендерінің өкілі Аспандияр Есенжоловтың айтуынша, бүгінде Ақтөбедегі осындай 9 дүкеннен әлеуметтік картамен төлем жасап, кэшбек алуға болады. Мұндай дүкендер  Ақтөбе қаласының Гришин көшесі, 72 «б», М.Тынышбаев (Ленинград) көшесі, 51, Шәйкенов көшесі, 6 («Нектар» сауда үйі), Әйтеке би көшесі, 31 («Пионер» сауда үйі), Прохоров көшесі, 12 «а», Гастелло көшесі,12, Зауыт көшесі, 43, сондай-ақ Жаңақоныс ауылындағы Алматы көшесі, 13 және  Ақжар-2 елді мекеніндегі Қ.Мұхамедханов көшесі, 37 мекенжайларында орналасқан.

Арайлым НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button