Жаңалықтар

Ақтөбе облысының аумағындағы шектеу карантиндік шаралары туралы

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ

БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ»

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ АҚТӨБЕ

ОБЛЫСЫНЫҢ БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРІ

ҚАУЛЫ

13.01.2021 ж.

Ақтөбе қаласы

Ақтөбе облысының аумағындағы шектеу карантиндік шаралары туралы

Ақтөбе облысының тұрғындары арасында COVID-19 (бұдан әрі – COVID-19) коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында2020 жылдың 07 шілдесіндегі «Халықденсаулығыжәнеденсаулықсақтаужүйесітуралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 104 бабының 1 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №130«Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулар тізбесін бекіту туралы» бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»бұйрығына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25желтоқсанындағы№67, 2020 жылғы25желтоқсанындағы№68 қаулыларына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысының аудан әкімдеріне, аумақтық мемлекеттік органдарға, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасына, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» акционерлік қоғамы «МК Ақтөбе бөлімшесі» филиалының директорына, құқық қорғау және арнайы органдарға, меншіктің барлық нысанындағы кәсіпкерлік субъектілеріне, Ақтөбе облысының тұрғындарына:

1.1. тыйым салуды жалғастыру:

1)конференциялар, көрмелер, форумдар, ойын- сауық, спорттық (Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен республикалық жарыстарды, облыстық командаларды даярлауға арналған оқу-жаттығу жиындарын қоспағанда), сондай-ақ адамдар көп жиналатын отбасылық, салтанатты, естелік және басқа да іс-шараларды, оның ішінде үйде, митингтер, шерулер, жиындар және т.б.;

2)ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар және ойын клубтары, боулинг орталықтары, кальян (оның ішінде қоғамдық тамақтандыру объектілері жанындағы), балалар ойын алаңдары және аттракциондар, жабық үй-жайлардағы, батуттар және басқалар), букмекерлік кеңселердің және лото-клубтардыңқызметтеріне, оның ішінде лотерея ұтыстары;

3) балаларды сауықтыру лагерлері қызметіне;

4) кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне;

5) банкет залдарының қызметіне;

6) аквапарктердің жұмысына;

7) бастауыш, орта жәненегізгі орта деңгейдегі білім беру, орта және жоғарғы оқу ұйымдарындағы асхана жұмысына.

1.2. InfoKazakhstan.kz сайттан электронды форматта берілетін санитарлық нормаларға сәйкестігі туралы актісі болған жағдайда және оны қоғамдық мониторинг жүргізу үшін объектінің кіре берісінде көрнекті жерде орналастырғанда қызметіне рұқсат берілсін.

         1)Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 5 қосымшасының талаптарын сақтай отырып, объектіде 1 келушіге – 4 м2 сақтаған кезде балалар ойын алаңдары мен аттракциондарының қызметіне тыйым салынумен жұмыс және демалыс күндері ішкі тәртіпке сәйкес СОО, сауда үйлерінің, сауда желілерінің;

2) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 5 қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып, жұмыс және демалыс күндері ішкі тәртіпке сәйкес«ашық ауадағы» азық-түлік және азық-түлік емес базарларының;

3) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 5 қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып, объектіде 1 келушіге – 4 м2 сақтаған кезде балалар ойын алаңдары және аттракциондардың қызметтеріне тыйым салынуымен,  жұмыс  және демалыс күндеріішкі тәртіпке сәйкес жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарларының;

4)күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық шараларды сақтай отыра «ашық ауадағы» ауыл шаруашылық, азық-түлік жәрмеңкелерінің;

5) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 7 және 16 қосымшаларына сәйкес, жұмыс және демалыс күндеріішкі тәртіпке сәйкес сұлулық салондарының, шаштараздардың, СПА орталықтарының және косметологиялық қызмет көрсететін объектілердің (алдын ала жазылу бойынша, 1 келушіге 4м2);

6) ҚазақстанРеспубликасы Бас мемлекеттік санитариялықдәрігерінің 2020 жылғы25 желтоқсандағы № 67қаулысының 8 қосымшасынасәйкес, 1 келушіге–5м2сақтаған кезде алдын ала жазылу бойынша жұмыс және демалыс күндері ішкі тәртіпке сәйкесфитнес жәнеспорттық-сауықтыру орталықтарының;

7) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67қаулысының 8 қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып, 5 адамнан аспайтын жеке және топтық жаттығулар жүргізу үшін, көрермендерсіз, жұмыс және демалыс күндері ішкі тәртіпке сәйкес, меншік түріне қарамастан жабық спорт объектілерінің (спорт кешендері, спортмектептері, спортклубтары, жаттығу залдары);

8) ашық ауада жеке және топтық жаттығулардың (5 адамнан артық емес, 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтай отырып) және ұлттық құрама, клуб командалары үшін спорттық жаттығулардың (30 адамнан артық емес, денемен жанаспайтын әдіспендене қызуын өлшеу, спорт базаларында тұру);

9) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысынның 16 қосымшасына сәйкес,жұмыс және демалыс күндері ішкі тәртіпке сәйкесмоншалардың;

10) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысынның 16 қосымшасына сәйкес,жұмыс және демалыс күндері ішкі тәртіпке сәйкесалдын ала жазылу бойынша сауналардың;

11) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 16 қосымшасындағы талаптарды орындай отырып, жұмыс және демалыс күндері ішкі тәртіпке сәйкесбассейндердің (1 келушіге 5 ш. м. су беті есебінен, алдын ала жазылу арқылы);

12) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67қаулысының 19 қосымшасындағы талаптарды сақтаған кезде ішкі тәртіпке сәйкесбалалар кабинеттерінің/түзету орталықтарының, балалар және ересектер білім беру орталықтарының;

13) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67қаулысының 14 қосымшасындағыталаптарды сақтай отырып, мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі топтардың жинақталуы 20 баладан аспайтын кезекші топтардың;

14) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 9 қосымшасындағы талаптарды орындай отырып,жұмыс және демалыс күндері ішкі тәртіпке сәйкес ашық ауадағы аттракциондардың;

15) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 21 қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып, үй-жайлардағы залдардың толымдылығы 50 пайызға дейін 50-ден аспайтын отыратын орындарды орнатумен қоғамдық тамақтану объектілерінің  қызметіне жұмыс және демалыс күндері сағат 07.00 – 24.00 дейін.

Бұл ретте ұжымдық, салтанатты, отбасылық, естелік (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу) және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге қатаң тыйым салынады.

Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 22 қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып, жеткізу бойынша қызметтер көрсетуге рұқсат етіледі;

16)Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 21 қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып, жұмыс  және демалыс күндері сауда-ойын-сауық орталықтарының ішкі тәртібіне сәйкес, 50 отыратын орыннан аспайтын, ұжымдық іс-шаралар өткізбей, сауда-ойын-сауық орталықтарында (жекелеген үй-жайларда) орналасқан қоғамдық тамақтандыру объектілерінің;

           17)күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық шараларды сақтаумен көшедегі азық-түлік саудасының рұқсат етілген түрлерінің жұмысының (оның ішінде тез тамақ өнімдерін, пончиктерді, балмұздақтарды, алып шығуға арналған кофені, көкөніс шатырларын және т.б. сататын объектілердің);

18) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 1 қосымшасына сәйкес, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік сектор органдарының, ұлттық компаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне рұқсат етілсін.Бұл ретте қызметкерлердің кемінде 50%-ы қашықтықтан жұмыс жасауда қалады;

19) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 11 және 17 қосымшаларына сәйкес, халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы туризм объектілері мен ұйымдарының (қонақүйлер, отельдер, демалыс үйлері, туристік базалар және т.б.);

20) дәріханалар күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық шараларды сақтай отыра штаттық режимде;

21) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің   2020 жылғы  25 желтоқсандағы №67 қаулысының  5 қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып, ішкі тәртіпке сәйкесазық-түлік дүкендерінің, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер қызметіне. Сонымен қатар, жеткізу бойынша қызметтер көрсетуге рұқсат етіледі;

22) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 5 қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып, жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесі ішкі тәртіпке сәйкесазық-түлік емес тауарлардың барлық түрлерін сату бойынша дүкендердің;

23) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 13, 25, 28 қосымшаларындағы талаптарды сақтаумен ішкі тәртібіне сәйкесөнеркәсіптік және барлық қызмет түрлеріндегі өндірістік  кәсіпорындардың жұмысын, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істейтіндер, ашық ауадағы құрылыс жұмыстарының, ауыл және балық шаруашылығының, мал шаруашылығының қызметі рұқсат етілсін.

Вахталық әдіспен жұмыс істейтін кәсіпорын басшылары қызметкерлерін CОVID-19 анықтау үшін ПТР әдісімен зертханалық тексерілуге бақылауды қамтамасыз етсін және теріс нәтижесімен шығуға/кіруге рұқсат  берілсін.

Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметкерлері (табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде жұмылдырылған шұғыл қызметтердің қызметкерлерін қоспағанда) ПТР әдісімен CОVID-19 анықтауға зертханалық тексерудің теріс нәтижесі болған кезде вахталық кенттерге кіруді жүзеге асырсын;

24) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 6 қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып, ішкі тәртіпке сәйкесхалыққа байланыссыз қызмет көрсету объектілерінің (техникалық қызмет көрсету бекеттері, автомобиль жуу, дөңгелек жөндеу, вулканизация және т.б.);

  25)Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 10 қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып,ішкі тәртіпке сәйкесхалыққа қызмет көрсету объектілерінің (типографиялық қызмет, тігін ательесі, аяқ киім шеберханалары, аяқ киім, киім жөндеу сервисіжәне т.б.);

26) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 1 қосымшасының талаптарын сақтай отырып, ішкі тәртіпке сәйкесбизнес-орталықтардың (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары және т.б.), айырбастау пункттері, ломбарттардың;

27)Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының1қосымшасының талаптарын сақтай отырып, ХҚКО-ның;

28) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 1қосымшасының талаптарын сақтай отырып,«Қазпочта» АҚ-ның;

29) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 1қосымшасыныңталаптарын сақтай отырып,Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес уақыты және саны бойынша шектей отырып, қаржы нарығы субъектілерінің;

30) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 15 қосымшасына сәйкес, қалаларда қоғамдық көліктің жұмыс және демалыс күндері штаттық режимде (қауырт уақытта қоғамдық көліктердің желіге барынша шығуымен, отыратын орындардың саны бойынша қоғамдық көліктің толтырылуымен, барлық есіктерді ашу, жолаушыларға қолжетімді орындарда санитайзерлерді орнату, жолаушылардың, жүргізушілердің және кондукторлардың бетперделерді міндетті түрде тағуы);

31) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 20 қосымшасындағы қойылған талаптарды сақтай отырып, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимінде залды 30%-ға дейін толтырып, бірақ 100 адамнан асырмай, діни объектілерде ұжымдық құдайға құлшылық етуді, мешіттерде намаздарды (бес намаз), жұма намазын қоспағанда;

32) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 9қосымшасыныңталаптарын сақтай отырып,жұмыс және демалыс күндеріішкі тәртіпке сәйкесмәдениет объектілерінің (дайындықтар 50 адамнанаспау керек),  кітапханалардың, мұражайлардың;

33)Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 9 қосымшасының талаптарын және толықтырылуы 30 % аспайтын театрлардың, кинотеатрлардың, концерттік залдардың;

34) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 15 қосымшасының талаптары сақталған жағдайда қала маңындағы жолаушылар поездарының/электр пойыздарының  қозғалысы, жолаушылар поездарының, қалааралық және облысішілік автобустардың/шағын автобустардың қозғалысына;

35) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67қаулысының талаптарынсақтай отырып және облыстың Бас мемлекеттік  санитариялық дәрігерінің келісімі бойынша күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтаған жағдайда Қазақстан Республикасының чемпионаттарын және республикалық жарыстарды (бірыңғай республикалық күнтізбе бойынша)көрермендердің қатысуынсыз, бір мезгілде 100 адамнан асырмай жинақтай отырыпөткізуге;

36) бір мезгілде 30 адамнан асырмай жинақтай отырып, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтаған жағдайда, облыстық командаларды даярлау үшін оқу-жаттығу жиындарын қайта бастауға;

37)Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 21, 22 қосымшаларындағы талаптарды сақтай отырып,авто-экспресстің (алыпкетугеарналғантамақ);

38) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 5,22 қосымшаларындағы талаптарды сақтай отырып,тек тамақты алып кету және жеткізу арқылы фудкорттардың қызметіне;

39) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 27 қосымшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (оның ішінде ҰҚК Шекара қызметінің) және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жеке құрамы арасында COVID-19 таралу қаупін азайту жөніндегі алгоритмді сақтау;

40) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 12 қосымшасына сәйкес, әуежай, теміржол және автомобиль вокзалдарының жұмыс істеу алгоритмінің сақталуы қамтамасыз етілсін;

41) әлеуметтік қашықтықты, бетперде режимін міндетті түрде сақтай отырып,  ашық ауадағы  мұз айдындарының, төбешіктердің.

1.3.қоғамдық орындарда, халықтың келуіне, қызмет көрсетуіне және демалуына арналған үй-жайларда, қоғамдық көлікте (оның ішінде таксиде), қоғамдық орындарындағы ашық ауада болған кезде барлық адамдарға медициналық немесе мата бетперделерінміндетті түрде тағу, мыналарды қоспағанда:

– бес жасқа дейінгі балаларға;

– қоғамдық тамақтану орындарында әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып тамақ ішкен жағдайда;

– әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып жеке және топтық спортпен шұғылданатын адамдарға.

  1. Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысының аудан әкімдеріне, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасына (келісім бойынша), Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының басшыларына қамтамасыз ету:

2.1.шектеу, оның ішінде карантинді іс-шараларын енгізу кезеңінде объектілердің жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен танысу үшін InfoKazakhstan.kz сайтының жұмысы туралы халықты, жеке және заңды тұлғаларды ақпараттандыруды;

2.2.кәсіпкерлермен бұзушылықтарды уақытылы жою шараларын қабылдау мақсатында шағымдарды және карантин режимін бұзу фактілерін орналастыру үшін InfoKazakhstan.kz сайтын пайдалануды;

2.3.кәсіпкерлік субъектілерін шектеу, оның ішінде карантинді іс-шараларын енгізу кезеңінде объектілердің жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына тексеруді жүзеге асыратын инспекторлардың, аудиторлық ұйымдардың тізімін InfoKazakhstan.kz сайтында орналастыруды;

2.4.InfoKazakhstan электрондық порталының жұмысы іске қосылғаннан кейін, объектілер белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда бизнес объектілерінің қызметін қайта қосылуына арналған актіні электрондық беруді.

  1. Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысының аудан әкімдеріне, Ақтөбе облысының полиция департаментіне, Ақтөбе облысының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының басшыларына қамтамасыз ету: қызметіне рұқсат берілген объектілерде карантиндік шаралардың, санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын бақылауды қамтамасыз етсін. Бұзушылықтар анықталған жағдайда 2014 жылғы 05 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»ҚазақстанРеспубликасыныңКодексіне сәйкес тиісті әкімшілік шаралар қолданылсын.

4.Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысының аудан әкімдеріне, Ақтөбе облысының білім басқармасына, меншік нысанына қарамастан кәсіпкерлік субъектілеріне 2017 жылғы 16 тамызындағы №611 «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын сақтай отырып, жұмыс істеуін қамтамасыз етсін:

1)2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап контингенті 300 оқушыға дейін, сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейін қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқытуды жалғастыру;

2) 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап ата-аналардың өтінішімен сыныптардың жинақталуын 15 баладан асырмай, жалпы білім беретін мектептерде 1-5 сыныптарды қоса алғанда, халықаралық мектептерде 7 сыныпты қоса алғанда кезекші сыныптарда оқытуды жалғастыру;

3) арнайы, мамандандырылған ұйымдар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттар (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға), жалпы типтегі мектеп- интернаттар және дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттар;

4)2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде аралас оқытуға: пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтықтан оқытуға (сыныпта 15 адамнан артық емес, әлеуметтік қашықтықты сақтау, 1 сынып – 1 кабинет қағидаты бойынша оқыту, бір уақытта мектепте жобалық қуаттың 30%-ынан аспайтын адамның болуы, санитариялық-дезинфекциялық режимді, маска режимін күшейту);

5)2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта топтарда 5 адамнан аспайтын оқушыларды жеке оқытуға рұқсат беруді;

6) екінші семестрден бастап колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттері үшін штаттық оқытуға рұқсат беруді;

  1. Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы қамтамасыз етсін:

5.1.БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы Ақтөбе облысының аумағындағы қатаң шектеу және карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жұмсарту туралы халықты жаппай хабардар етуді;

5.2.Өзгеріп отырған жағдайды және сырқаттанғандар санының өсуін ескере отырып, БАҚ жұмысын бірыңғай үйлестіру мен орталықтандыруды.

  1. Ақтөбе қаласының және Ақтөбе облысы аудандарының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерлері тиісті аумақта қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантиндік шараларды күшейту туралы шешім қабылдауға құқылы.
  2. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
  3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

9.Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

10.Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Ақтөбе облысының

Бас Мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің м.а.                                                      Г.Даулетова

Басқа жаңалықтар

Back to top button