Жаңалықтар

Арнайы кабина жасақталды

Әйтеке би ауданы бойынша 30 сайлау учаскесі жұмыс жасады. 10 қаңтар күні барлық сайлау учаскелері жұмысын өз уақытында бастады. Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Самат Таласбаевтың айтуынша, барлық санитарлық талаптар сақталған.

Комиссия мүшелері мен бақылаушылар медициналық бетперде және қорғаныс қалпағын  киіп отырды. Есік алдында келушілердің қызуы өлшенді. Бетперде таратылды. Антисептикалық сұйықтық пайдаланылды. Есік алдына антисептик себілген төсеніш жайылды. Тұрғындарға дауыс беру үшін барлық мүмкіндік жасалды. Аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі 45 адам бар. Олардың дауыс беруі үшін кабина жасақталды. Сыртқа шыға алмайтын азаматтар үйден дауыс берді, яғни комиссия мүшелері мен бақылаушылар барып, дауыс алды.  Халықтың 77,3 пайызы сайлауға қатысты. Төрт партия мен қоғамдық бірлестіктерден 433 бақылаушы болды. Ешқандай заңбұзушылықтар болған жоқ. Алғаш рет дауыс берген және учаскеге бірінші болып келген тұрғындарға сыйлықтар таратылды. Бекітілген тұрғындардың барлығы дауыс беріп болған учаскелер өз жұмысын ерте аяқтады. Олар —  Толыбай, Аққұм, Талдық ауылдарындағы сайлау учаскелері,— деді Самат Таласбаев.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button