Жаңалықтар

142 адам алғаш рет дауыс берді

Қарғалы ауданындағы 15 сайлау учаскесінде 10715 сайлаушы тіркелген. 10 қаңтар күні жалпы сайлаушылардың 77,13  пайызы таңдауын жасады.

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Нәйлә Қожақованың айтуынша, ерекше қажеттіліктері бар 43 адам дауыс беруге сайлау учаскелеріне өздері келсе, 500 қарттар мен мүгедектерге үйде отырып таңдауын жасауға мүмкіндік берілген. Ал 18-ге толған 142 адам саяси науқанға бірінші рет қатысқан. Алғаш рет дауыс беруші жастарға, ауыл қарттарына да сыйлықтар берілді.

COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында учаскелерге 5 адамнан кіргізілген. Жергілікті жерлерде кіріп-шығу жолдарына арнайы дезинфекциялық кілемшелер төселіп, қолды өңдеуге арналған санитайзерлер мен медициналық бетперделер қойылған.

Виктория ЮСУПОВА,

Қарғалы ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button