Жаңалықтар

Бар мәселе назарға алынды

Мұғалжар ауданында 43,5 мыңнан астам сайлаушы 48 сайлау учаскесінде дауыс берді, оның 10-ы Қандыағаш қаласында орналасқан.

Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайният Асқаров хабарлағандай, аудан бойынша барлығы 38 депутаттыққа кандидат тіркелген.

Қалыптасқан дәстүр бойынша сайлау учаскесіне бірінші болып келгендер, алғаш рет дауыс берушілер, сондай-ақ 10 қаңтардағы туған күн иелері сыйлыққа ие болды.

Сайлау қарсаңында сайлау комиссияларының мүшелерімен кездесу өткізіліп, сайлауаралық кезеңдегі қызметтің негізгі бағыттарымен таныстырылды. Нақты айтқанда, сайлау учаскелерінің шекараларын айқындау, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері туралы мәліметтерді жаңғырту, учаскелердегі құрал-жабдықтарды түгендеу сияқты мәселелер назарға алынды.

Сондай-ақ сайлаушылардың денсаулығы туралы қамқорлық жайы, індетке байланысты сақтық шаралары ескерілді.

— Ең бастысы, сайлаушылардың дауыс беруге ынтасы жоғары болды, тұрғындардың таңдау жасауға бейжай қарамағаны байқалды. Біз мүмкіндігі шектеулі жандардың дауыс беруіне жағдай жасадық. Сайлау ауданда ұйымшылдықпен өтті деп есептейміз, — деді Ғайният Асқаров.

А.ЖАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button