Жаңалықтар

Инвантакси қызмет көрсетті

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы берген мәліметке сәйкес сайлау күні Қобдада 31 сайлау учаскесі жұмыс жасады. Оның төртеуі аудан орталығында болса, қалған 27-сі ауылдық елді мекендерде орналасқан. Ал аудан бойынша тіркелген сайлаушылар саны — 10836 адам.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және жергілікті мәслихат депутаттары сайлауын қобдалықтар өз деңгейінде өткізді. Дәстүр бойынша кәмелет жасына толып, ең алғаш дауыс бергендер мен сайлау учаскесіне ең бірінші келгендерге, жасы үлкен қарияларға естелік сыйлықтар табысталды. Биыл батырлар мекенінде 244 жас ең алғаш рет дауыс берді.

— Биылғы сайлауда да қобдалықтардың белсенділігі өте жоғары болды. Сайлау учаскелері өз жұмысын бастаған сәттен-ақ дауыс берушілер келіп жатты. Бұл жолы да мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған бұрыш жасақталды. Инватакси қызметі жұмыс жасады. Олар еш кедергісіз дауыс беру мүмкіндігіне ие болды. Ал үйден шығу мүмкіндігі жоқ азамататтарға жәшіктер апарылып, үйден дауыс беру жұмыстары ұйымдастырылды. Барлық сайлау учаскелерінде бас санитариялық дәрігердің қаулысындағы талаптар қатаң сақталды, — деді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ақшолпан Оразова.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button