Жаңалықтар

Барлық мүмкіндіктер жасалды

Ойылдықтар саяси науқанға белсене қатысты. Әр сайлау учаскелерінде дауыс берушілерге ашық, еркін әрі өзі қалаған партияға таңдау жасауға мүмкіндіктер жасалды.  Аудан бойынша 24 сайлау учаскесі бар. Барлық учаскелерде санитарлық талаптар сақталып, медициналық арнайы киімдермен қамтылды.

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Бисекеновтің айтуынша, сайлау кезінде ешқандай алалау, бұра тарту болмапты. Сайлау учаскелеріндегі бақылаушылар заңсыз әрекеттерге жол бермеу үшін бәрін бақылап отырды. Ойылда 9624 сайлаушы болса, оның 7233-і дауыс берді. Бұл  сайлауға қатысқан аудан халқының 75 пайызын құрайды. Ел болашағы үшін өз партиясын таңдаған жастардың белсенділігі жоғары болды. Алғаш рет дауыс берген 177 жас таңдауларын жасап, қалаған партияға дауыс берді.

Б.ҚАРАБАЕВ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button