Басты бет » Жаңалықтар » Жастардың белсенділігі

Жастардың белсенділігі

Шалқар ауданында сайлау күні халық үшін 38 учаске қызмет көрсетті. Оның 13-і Шалқар қаласында болса, қалғаны ауылдық округтерде.

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Сапарғали Құлбергеновтің айтуынша сайлау күні 21 мыңға жуық адам дауыс берген.

— Сайлау — кандидаттар үшін емес, тұ­тас ел үшін маңызды саяси науқан. Сон­дық­тан оның әділ өтуіне барынша үлесімізді қостық. Сайлаушылар мен сайлау комиссиясы мүшелері тара­пы­нан өрескел қателер кездеспеді. Барлығы да мерекелік көңіл күймен жұмыс істеп, тұрғындар ұйымшылдықпен дауыс берді. Әсіресе биыл жастар өте жақсы белсенділік танытты. Сайлау тәртібі бойынша барлығы жіті қадағаланды.  5 партия мен бірқатар қоғамдық бірлестік өкілдерінен тұратын бақылаушылар да науқанның заңды өтуін бақылады, — дейді ол.

Сондай-ақ сайлау барысында пандемияға байланысты сантитарлық талаптар да қатаң сақталып, келушілердің бір есіктен кіріп, екінші есіктен шығулары қадағаланған.

А.ҚАЛДЫБЕК.