Жаңалықтар

Жас отбасы сайлауға барды

Жақында ғана шаңырақ көтерген Елдос пен Ақтоты Исмурзиндер аудандағы №480 сайлау учаскесіне барып, таңдау жасады.

Аталған сайлау учаскесіне 34 адам алғаш рет сайлауға қатысатындар ретінде тіркелген. Сондай-ақ сайлаушылардың арасындағы зейнеткерлердің саны — 333, 6 — мүмкіндігі шектеулі азамат, 25 жас отбасы тізімге енген. Сондай жас шаңырақ иелерінің бірі — Елдос пен Ақтоты Исмурзиндер.

— Шаңырақ құрғанымызға екі-үш айдың жүзі болды. Бұл күннің біз үшін ерекшелігі зор. Себебі бір отбасы ретінде біз алғаш рет таңдау жасауға келдік. Мемлекетіміздің өркендеуі үшін әрбір азаматтың дауысы маңызды. Сондықтан біз де бұл шарадан қалыс қалмауды жөн көрдік, — деді отағасы Е.Исмурзин.

Комиссия мүшелері жас шаңырақ иелеріне  құрмет көрсетіп, сыйлық ұсынды.

 Ләззат ӘБДІРОВА,

Хромтау ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button