Басты бет » Жаңалықтар » 6233 тұрғын таңдау жасады

6233 тұрғын таңдау жасады

Сайлауға Ырғыз ауданы тұрғындарының 75%-ы қатысты. Аудан бойынша 22 сайлау учаскесі жұмыс жасады.

Сайлауда әр партияның сенім білдірген өкілдері мен байқаушылар сайлаудың әділ өтуіне өз үлестерін қосты.

Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Марал Сембінің айтуынша, аудан бойынша 8435 сайлаушы тіркелген. Оның 6233-і сайлауға қатысып, өз таңдауын жасаған.

Сайлауда ең алғаш дауыс бергендер саны — 37. Олардың арасында қариялар да, жастар да бар, — дейді М.Сембі.

Сайлауда №225 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берген қариялардың бірі — 83 жастағы Әбжан Жалмаханов. Өз таңдауын жасаған қария дауыс беру әр азаматтың парызы деп санайды.

 Д.АЙДАР,

Ырғыз ауданы.