Ауыл

Бұлақтыда Beeline бар

Жаңа жылда Бұлақты  ауылының тұрғындары үлкен қуанышқа бөленді. Ауылға  Beelinе байланыс операторының желісі жетті.

«Кар-Тел» ЖШС мамандары тынымсыз еңбектеніп, тұрғындарға жаңа жылда керемет тарту жасады.

«Қазір ауылда Beelinе байланысы арқылы еш кедергісіз сөйлесуге болады», — дейді ауыл тұрғындары.

Бұлақтыда қазіргі таңда 457 адам тұрады. Бұлақты негізгі мектебінде 45 бала оқиды. Бүгінде ауылдық округтегі мектеп, клуб, медпункт, ветпункт, əкімдік Beelinе байланыс операторы ұсынған интернеттің 3G желісі арқылы электронды қызмет көрсетуге мүмкіндік алды.

Жандос АБАЙҰЛЫ,

Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button