Пікір

Жастар кәсіпке бейім болсын

Айгүл РЫСҚҰЛОВА, Мұғалжар аудандық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тəуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Тəуелсіздік бəрінен қымбат» мақаласын жариялап, елім, жұртым деген әрбір патриот азаматтың жүрегіне ой салды.

Мақалада ел Президенті: «Біздің мақсатымыз — келер ұрпаққа Қазақстанды тұғыры мығым, экономикасы қуатты, рухы асқақ мемлекет ретінде табыстау және елдік істерді шашау шығармай лайықты жалғастыратын жасампаз ұрпақ тәрбиелеу», — депті.

Расында да ел ертеңі — білімді ұрпақтың қолында.

Қазіргі заман білім мен білікті талап етеді. Сондықтан да әр адам үнемі өзін-өзі жетілдіріп, кәсіп үйреніп, таным көкжиегін кеңейтіп отырмаса, заман көшіне ілесе алмай, бәсекеге қабілетті бола алмай қалады.

Көріп отырғанымыздай, қазір үйренем деген ынталыға кәсіп үйрететіндер көп. Шаштараз, кондитер, дәнекерлеуші, ұялы телефон және тұрмыстық техникаларды жөндейтін шебер — бәрі де еңбек нарығында ауадай қажет. Сондықтан да жастар кәсіпке бейім, жаңалыққа құмар болғаны жөн.

Сондай-ақ Президент биыл Наурыз тойын атап өтуді ұсынды. Ал көктем мерекесінің халықты біріктіретін ортақ құндылықтарды барынша дәріптейтіні рас.

Жүрегі елім деп соғатын әр азаматтың ойындағысын дөп басқан Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы жылдарға да міндеттер жүктеді. Еліміздің өркендеп дамуына үлес қосу — әр патриоттың парызы деп білемін.

Ал Тәуелсіздік тарихы — ұлы тақырып екендігін қазіргі ұрпақ ешқашан естен шығармауы керек.

Басқа жаңалықтар

Back to top button