Пікір

Болашағымызға бағдар берген бағыттар 

Гүлнар СЕЙТАЛИНА, 

облыстық халық шығармашылығы орталығы директорының орынбасары. 

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы — бәріміз үшін атаулы дата. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласынан да халқымыз үшін аса қастерлі, ата-бабамыз аманат еткен киелі Тәуелсіздік ұғымына деген үлкен құрметті аңғардым. Сондай жылы дүние екен…

Мақалада автор Тәуелсіздік дегеніміз — әдемі сөз ғана емес, әр қазақ үшін ұлттық тарихты қастерлеу, білу, ал біздің міндетіміз — жастарға осы тағылымды паш ету, насихаттау екенін түсіндіреді. Бұл мақала біртұтас ұлттың азаматы екенімізді мақтан тұтуға жетелейтін құжат дер едім.

Расында, Тәуелсіздік бізге бәрінен де қымбат. Оны сақтап қалу да асқан жауапкершілікті қажет етеді. Сондықтан әрбір қазақстандық Тәуелсіздіктің тағылымдарын қастерлеп, құрметтесе игі.

Мақалада Президент тілге тиек еткен Тәуелсіздік тарихының бағыттарының барлығы бір-бірімен үйлесіп тұр, қазіргі уақыттың талабына нақты жауап береді.

Осы орайда әрбір бағыттың біздің мәдениет саласының болашағына бағдар беретінін атап өткім келеді.

Биыл өңірімізге қатысты көптеген мерейтойлық және мәдени іс-шаралар атап өтіледі. Олардың ішінде ең маңыздысы — Ахмет Жұбановтың — 115, Бәкір Тәжібаевтың — 95 жылдығы. Өңір мәдениетінің дамуы мен өркендеуіне зор үлес қосып, халқымыздың рухани қазынасын халыққа кеңінен насихаттап, ұлттық рухта жастарға тәрбие беретін қара шаңырақ — облыстық халық шығармашылығы орталығының құрылғанына да биыл 60 жыл. Осы атаулы даталарды жоғарыда айтқан бағыттармен байланыстыратынымыз белгілі. Ең бастысы, жер-жаһанға қауіп төндірген пандемияға қарсы күресте бірлігі жарасқан халқымыз жұдырықтай жұмылып, бар күш-жігерімізді біріктіріп, бәріміз еліміз,  халқымыз үшін еңбектенсек, нұрлы күндеріміз таяуда қайтадан орнайды.

Ақтөбе қаласы. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button