Жаңалықтар

106 жастағы әже сайлауға барды

Ақтөбе қаласындағы №26 сайлау учаскесіне өз аяғымен келген 106 жастағы Жәкебай Бисенғалиева ел болашағы үшін дауыс берді.

Аталған сайлау учаскесінің төрағасы Ерболат Құсниязовтың айтуынша, бұл учаскеге 2600 адам тіркелген. Солардың қатарында 1915 жылы дүниеге келген Жәкебай Бисенғалиева да бар.

106 жастағы кейуана өз аяғымен сайлау учаскесіне келіп, таңдау жасады. Комиссия мүшелері Жәкебай әжеге құрмет көрсетіп, өз ризашылықтарын білдірді.

Кейуананың айтуынша, ол бұған дейін де бірде-бір сайлаудан шет қалмаған. Бұл жолы да сайлау учаскесіне ерте келіпті. Дауыс бергеннен соң Жәкебай әже көпшілікті мерекемен құттықтап, «менің жасыма жетіп, сендер де сайлауға келіңдер» деп  батасын берді.

А.НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button