Жаңалықтар

86 жастағы кейуана сайлау учаскесіне келіп,  дауыс берді

Ақтөбе қаласының ескі бөлігіндегі Малышка ауданының тұрғындары №15 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Сайлау учаскесінде 2328 адам тіркелген.   Сайлау процесінің әділ әрі сенімді өтуі үшін 5 комиссия мүшесі мен бақылаушылар жұмыс істеуде. Бақылаушылардың айтуынша, комиссия мүшелері өздеріне жүктелген міндетті мүлтіксіз орындауда.

— Таңғы сағат 7:00-де  Әнұранымыз шырқалып, дауыс беру басталды. Сайлау тәртібі бойынша барлығы жіті қадағалануда. Санитарлық талаптар да қатаң сақталған.  Сайлаушылар үздіксіз келіп, қалаған партияларына дауыс беріп жатыр.  Ең жасы үлкен және ең жас дауыс берушіге арнайы сыйлық әзірледік. Жаңа ғана 86 жастағы кейуанамыз немерелерімен бірге келіп, дауыс беріп  кетті. Барлық шақырту қағаздарын тұрғындарға уақытылы жеткіздік. Тіркелген тұрғындардың барынша қатысуын қадағалайтын боламыз, — дейді №15 сайлау учаскесінің төрағасы Алмажай Тажиданова.

Дауыс беруші тұрғындардың бірі Гүлжахира Бақберген бұл сайлау науқанының ерекше екендігін айтады.

— Осы кезге дейін елімізде ұйымдастырылған барлық сайлауға қатысып келе жатырмын. Бүгін де  дауыс беріп шықтым. Бұл біздің мемлекет пен қоғам үшін өте маңызды қадам деп санаймын, — дейді ол.

 Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button