Жаңалықтар

Қуаныш алғаш рет сайлауға қатысты

Ақтөбе қаласындағы №64 сайлау учаскесі де қаланың №4 орта мектебі базасында орналасқан.
Аталған сайлау учаскесінің төрағасы Сәбит Шүйтеновтің айтуынша, Парламент Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарын сайлауға халық белсенді қатысып жатыр. Әсіресе, дауыс беруге ынталы жастардың қарасы көп.
— №64 сайлау учаскесінде жалпы саны 2681 сайлаушы тіркелген. Сайлаушылардың 16-сы денсаулықтарына байланысты үйде дауыс беруге өтініш білдірді. Ең бірінші рет дауыс берушілердің саны — 45 адам. Тұрғындар сайлауға өте белсенділік танытып жатыр. Жергілікті уақыт сағат 7.00-де біз өз жұмысымызға кірістік, — деді С.Шүйтенов.
Аталған учаскеге келіп, алғаш рет дауыс бергендердің бірі — Қуаныш Әбілхан.
— Өзім осы мектептің түлегімін. Сайлау учаскесінің мен оқыған мектепте орналасқанына да қуаныштымын. Сайлауға алғаш рет қатысқандықтан, үйдегілерден бұрын келіп, таңдауымды жасадым. Ата-әжем мен әке-шешем де сайлауға келіп, дауыс береді. Әрине, мұндай шараға қатысу, өзіңді еліңнің толыққанды азаматы ретінде сезіну — үлкен мәртебе. Сондықтан бұл күні әдеттегіден ерте тұрып, дауыс беруге асықтым, — деді Қуаныш.
Қуаныш Әбілхан №4 орта мектепте 2018 жылы 9-класты тәмамдаған. Бүгінде ол Ақтөбе қаласындағы заң колледжінде білімін жалғастырып жатыр.

Арайлым ҚЫДЫРБАЙҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button