Басты жаңалықтар

«Қоғамның дамуы халықтың таңдауынан басталады»

Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров «Қоғамдық келісім» ғимаратындағы №52 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Қалдағы №52 сайлау учаскесі өз жұмысын таңғы сағат 7:00- де бастады. Учаскеде барлық санитарлық талап сақталған. Дауыс беруге келген тұрғындардың алдымен қызуы өлшенеді. Есік жақтауында келушілерге арналған антисептикалық сұйықтық тұр. Комиссия мүшелері мен бақылаушылар арнайы медициналық бетперде киіп, барлық талапқа сай қызмет көрсетуде.

Таңертең алғашқылардың бірі болып келген Ақтөбе  қаласының әкімі Асхат Шахаров дауыс берді. Бұл сайлау науқанының қоғамдағы алар орны ерекше екенін атап өтті.

– Қоғамның дамуы халықтың таңдауынан басталады. Бүгін міне, барлық деңгейдегі Парламент Мәжілісі және мәслихаттардың сайлау науқаны өтуде. Ақтөбе қаласы бойынша 162 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады. Барлық санитарлық талаптар сақталған. Қала тұрғындарының көңіл-күйі жақсы. Дауыс беруде белсенділіктерін көрсетуде. Осы ретте барша ақтөбеліктерді сайлауға белсенді қатысып,   дауыс беруге шақырамын.Үміткерлерге сәттілік  тілеймін, -деді қала әкімі.

№52 сайлау учаскесінің төрағасы Нұрхан Ақниязовтың айтуынша, таңғы сағат 70:00-ден бастап  8:00-ге дейін, яғни бір сағатта тоқсан адам дауыс берген.  Жалпы учаскеге  2560 адам тіркелген. Үш бақылаушы және екі сенімді өкіл дауыс беру сәтін қадағалап отыр. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы дауыс беру кабинасы бар. Дауыс беруге келген қала тұрғындары кабинада және компьютер арқылы дауыс беріп  жатыр.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button