Басты жаңалықтар

517 сайлау учаскесі сайлау өткізуге дайын

Ақтөбе облысы 2021 жылғы 10 қатарда Қазақстанда өтетін Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттары сайлауын өткізуге толық дайын.

Кеше облыс әкімі Оңдасын Оразалин сайлауды өткізудің материалдық-техникалық жағынан жабдықталуын анықтау және коронавирус инфекциясына қарсы нормаларды сақтау және оның алдын алу мақсатындағы шараларды тексеру мақсатында №77, №6 учаскелік сайлау комиссияларының, сондай-ақ қалалық аумақтық сайлау комиссиясының дайындық барысымен танысты.

Жалпы аймақ бойынша 517 сайлау учаскесі жұмыс істейтін болады, оның ішінде 162-і Ақтөбе қаласында.
Сайлау күні облыстың 562351 тұрғыны өздерінің сайлау құқығын пайдаланады деп күтілуде. Сайлау өткізілуі барысын саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер филиалдарының, одан өзге Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы және ТМД елдерінен келген қадағалаушылар бақылайтын болады.

Облыс басшысы сайлау өткізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдардың дауыс беруі үшін жағдайлар жасау бойынша учаскелерде қабылданған шараларға айрықша назар аударды.

Мәселен, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын жүзеге асыру үшін учаскелерде пандустар, ұстайтын тұтқалар, бейімделген форматтағы ақпараттармен жарақтандырылған мониторлар іске қосылады. Дауыс беретін күні облыстың барлық елді мекендерінде инватакси қызметі ұйымдастырылатын болады.
COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында медицина қызметкерлері мен еріктілердің кезекшілігі ұйымдастырылады, санитайзерлер, ғимараттарды тұрақты түрде санитарлық өңдеуден өткізу қарастырылған.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button