Пікір

Халқымыз үшін маңызды қадам

Анастасия ПОДОЛЬЯНОВА,

 «Вяра» болгар этномәдени бірлестігінің төрағасы,

 «Қоғамдық келісім» мекемесінің бөлім басшысы.

Қазақстан — көпұлтты мемлекет. Елімізді мекендейтін түрлі ұлттар мен ұлыстар қазақ жерін туған елі­міз деп ардақ тұтады.

Шүкір, бүгінде елімізде тыныштық орнаған. Мемлекетіміздің саяси-қоғамдық, әлеуметтік жағдайы тұрақты, экономикасы да даму үстінде. «Қазақстан — 2030» стратегиясы жемісті жүзеге асырылуда. Сондықтан ертеңгі күнімізге үлкен сеніммен және зор үмітпен қараймын. Көпұлтты Қазақстанда бейбіт өмір сақталсын, Тәуелсіздігіміз баянды, мәңгілік болсын десек, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлауға бәріміз бір адамдай, ұйымшылдықпен белсенді қатысуымыз қажет.

Биылғы сайлауда бірнеше партиялар сайысқа түсіп, сайлауалды бағдарламаларын жариялады. Өткізілгелі отырған сайлау — біздің мемлекет пен қоғам үшін өте маңызды қадам. Өз басым, сайлауда дауыс беру, ең алдымен, азаматтық құқығымды пайдалану, еліміздің дамуына үлес қосу деп ойлаймын. Сондықтан 10 қаңтар күні өз сайлау учаскеме барып, дауыс беремін.

Қазақстандықтардың өмірін бүгінгіден де жақсартатын, мемлекетімізді бай, қуатты ететін лайықты үміткерлерді бірге таңдайық.

Басқа жаңалықтар

Back to top button