Пікір

Сайлаудан сырт қалған емеспіз

Қуаныш БІРЖАНОВ,

Хромтау аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Ұзақ жыл ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп, 2016 жылы зейнеткерлікке шықтым. Мамандығым — гидротехник. Еңбек еткен жылдарымда уақыттың тығыздығына, жұмыстың қарбаластығына қарамай, сайлауға қатысатынмын. Сайлаудан бір рет те қалған емеспін. Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарын сайлауға отбасымызбен барамыз. Себебі еліміздің болашағы үшін өткелі жатқан шараға  жауапсыздықпен қарауға болмайды.

Қазір аудандық ардагерлер кеңесінің 5 мыңға тарта мүшесі бар. Оның мыңға жуығы — мүгедектер. Денсаулығына байланысты олардың көпшілігі сайлау учаскесіне барып, дауыс бере алмайды. Сондықтан сайлау комиссиясының мүшелері мұндай жандар үшін олардың үйлеріне барады. Бұл туралы кеңес мүшелеріне алдын ала түсіндірілді. Әрине, ардагерлер кеңесінің әрбір мүшесі сайлауға қатысуға ниетті, қызығушылықтары да зор.

Сайлау — саяси науқан. Сондықтан еліміздің жарқын болашағы үшін бұл күні сайлауға барған әрбір адамның дауысы маңызды. Сіз үшін таңдауды басқаның шешуіне мүмкіндік бермегеніңіз дұрыс.

Басқа жаңалықтар

Back to top button