Пікір

Таңдау жасау — міндетім

Дина ЖАМАНБАЕВА,

Ақтөбе ғылыми-тәжірибелік орталығы басшысының міндетін атқарушы.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісімен жергілікті мәслихаттар сайлауына бірер күн қалды. Ертең әрқайсысымыздың таңдауымыздың нәтижесінде еліміз үшін маңызды шешім қабылданатын күн. Сайлау — бізге таңдау еркіндігін, сайлау құқын береді. Сондықтан сайлауға бару қажет. Әрине, сайлауға бару-бармау — әркімнің өз еркі. Ал кейбір елдерде сайлауға қатыспасаң, айыппұл төлейді екенсің, себебі ол елдерде дауыс беруді, яғни, елдің болашағына қатысты өз позицияңды білдіру қажеттігі заңмен міндеттелген. Сол секілді демократиялық қоғамда кез келген саналы азамат дауыс беруді тек «менің құқығым» деп қана емес, «міндетім» деп қабылдауы тиіс.

Сайлау — жаңа саяси реформаларға негіз болатын науқан. Егер сіз өз болашағыңыз, өз бала-шағаңыздың болашағы үшін дауыс бермесеңіз, таңдау жасамасаңыз, онда сіз үшін оны басқа біреу істейді. Егер сіздің қоғамда, айналадағы қандай да бір жағдайға көңіліңіз толмаса, әрекет етіңіз. Ал бұл жағдайға әрекет ету дегеніміз — еліміздің билік органы — Парламент Мәжілісінің  сайлауында өз таңдауыңды жасау. Өзгеріс әркімнің ойынан, әрекетінен басталады. Егер «менің дауысым не шешер дейсің?» деп үйде теледидар қарап жата берсең, онда шынымен ештеңе өзгермейді. Сондықтан жексенбі күні бәріміз сайлау  учаскесіне барып, өз таңдауымызды жасайық.

Басқа жаңалықтар

Back to top button