Әлеумет

МӘМС: биыл жарна қалай төленеді?

Егер сіз сақтандырылмаған болсаңыз,  МӘМС төлемін төлеушілер санатында бар- жоғыңызды анықтап алыңыз.

Жарнаны кім қалай төлейді?

  • 15 жеңілдік санатындағы азаматтарға жарна мемлекет тарапынан төленеді.
  • Жалдамалы жұмысшы, яғни жұмыс берушінің бухгалтерия бөлімі жарна аудару объектісінің 2% (2019 жылы – 1%) және еңбекақы төлеу қорының 2% көлемінде аударады.
  • Жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалық иелері, жеке іспен айналысатындар 2975 теңге (ең төменгі жалақының 1,4 еселенген мөлшерінің 5 пайызы) төлейді.
  • Республикалық және облыстық маңызы бар қалалардағы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, (жалдамалы жұмысшысыз және ЖК тіркелмей қызмет көрсететіндер) бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер 1 айлық есептік көрсеткіш (2021 жылғы 1 қаңтардағы АЕК – 2917 теңге), басқа елді мекендер үшін 0,5 АЕК (2021 жылғы 1 қаңтардағы көрсеткіш – 1458,5 теңге) көлемінде жарна төлейді.
  • Өз бетімен төлеуші ең төменгі жалақының 5%-ын (2125 теңге) аударады.
  • Азаматтық-құқықтық шартпен жұмыс істейтін жеке тұлғалар табысының 2%-ын (2020 жылы 1% ұсталды) сақтандыру жүйесіне аударады, ең жоғарғы төлем — 8500 теңге (яғни ең төменгі жалақының 10 еселенген мөлшерінің 2%, 425 000 х 2% = 8 500).

Жарнаны қайда төлейміз?

Сақтандыру жарнасын:

– екінші деңгейлі банктер мен олардың интернет-сервистері;

– Kaspi.kz ұялы қосымшасы;

– «Қазпошта» АҚ бөлімшелері;

– төлем терминалдары (Qiwi, Kassa24 және т.б.);

– медициналық ұйымдардағы төлем терминалдары арқылы төлеуге болады.

Сақтандырылғаныңызды тексеру үшін төмендегі сайттарды қолданыңыз.

  • Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сайты fms.kz (оң жақ төмен бұрыштағы терезе).
  • Электронды үкіметтің egov.kz сайты (жеке кабинетте және «Денсаулық сақтау» бөлімі).
  • Saqtandyru-bot Telegram боты (басты мәзірдегі «Сақтандырылғаныңыз туралы анықтау» бөлімі).
  • Qoldau 24/7 ұялы қосымшасы (басты мәзірдегі «Сақтандырылғаныңыз туралы анықтау» бөлімі).

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button