Жаңалықтар

Кәсіпкерлерге қолдау көрсетіледі

Nur Otan партиясынан Алға аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер кәсіпкерлермен кездесу өткізді.

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Арман Жылгелді, Марат Мұратбаев және Асқар Нұрғалиев Алға ауданының кәсіпкерлерімен сайлауалды штаб ғимаратында кездесіп, тұрғындардың ұсыныстарын тыңдады.

Тұрғындармен кездесу барысында кандидат Арман Жылгелді Алға тұрғындарын Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырып, партия халықтың өмірін жақсарту үшін қандай жобаларды іске асырмақ екенін айтты.

— Біздің міндетіміз — жұмыссыздықты 4,9 пайыз деңгейінде ұстап, 2025 жылға қарай орташа жалақыны кем дегенде 135 мың теңгеге дейін арттыруға мүмкіндік беретін жұмыс орындарының жеткілікті санын құру,  — деп атап өтті Арман Жылгелді өз сөзінде.

Бұл үшін Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасында көрсетілгендей, жыл сайын кемінде 880 жаңа жұмыс орнын құруға, оның ішінде «Бизнестің жол картасы — 2025», «Еңбек» және т.б. мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру есебінен, бос орындарға кемінде 1 мың адамды жұмысқа орналастыру көзделген. Сондай-ақ қысқа мерзімді қайта даярлау (3 айға дейін) курстары кемінде 65 адамды оқытуға мүмкіндік бермек. Сонымен қатар ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін жыл сайын кемінде 40 грант және 80 микрокредит бөлу жоспарланған.

Кандидат Асқар Нұрғалиев коронавирус пандемиясы жағдайында нарықты азық-түлік тауарларымен тұрақты қамтамасыз ету мәселелері де ерекше өзектілікке ие болып отырғанын атап өтті.

— Бүгінгі күні аудан халқының 49,7 пайызы ауылдық жерлерде тұрады. Ауданда инвестицияларды тиімді салу, өндірісті заманауи жабдықтармен жарақтандыру, жаңа технологияларды енгізу есебінен жоғары технологиялық агроөнеркәсіптік кешенді құру бойынша жұмыс жалғасады.

Nur Otan партиясы кемінде 5 инвестициялық жобаны іске асыруға қол жеткізетініне сенімдімін.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бойынша жыл сайын кемінде 5 жобаны іске асыру, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығын цифрландыру (чиптеу, нақты егіншілікті дамыту, цифрлық және ілгері smart-фермаларды құру), суармалы жер көлемін кезең-кезеңімен 4,8 мың гектарға дейін кеңейту. Жануарлардың жұқпалы ауруларының алдын алу мақсатында 4 ауылда (Самбай, Тамды, Маржанбұлақ, Бесқоспа) мал қорымын салу жұмыстары жоспарланды, — деді.  

Кандидат Марат Мұратбаев өңірде 30 ауылдық елді мекеннің 8-і кеңжолақты интернетке қолжетімді екенін атап өтті.

— Алдағы кезеңде Nur Otan партиясы өңірдің заманауи ақпараттық және телекоммуникациялық инфрақұрылымын қалыптастыру мақсатында интернет желісіне ауқымды қосылуды негізгі басымдықтардың бірі ретінде қойып отыр.

Алға қаласының 12 ауылы мен жаңа тұрғын үй массивтерін интернет желісімен қамтамасыз ету, байланыс операторларымен және жергілікті кәсіпкерлермен бірлесіп, 250 адамнан аз ауылдарда 3G мұнараларын орнату мәселесін қарау, халықты компьютерлік және цифрлық сауаттылық негіздеріне жыл сайын оқыту жоспарланды. Жалпы, қабылданған шаралар 5,5 мыңнан астам ауыл тұрғынын интернетпен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек, — деді Марат Мұратбаев.

(Nur Otan партиясы Ақтөбе облысы Алға аудандық филиалы сайлау қорының қаражатынан төленді).

Басқа жаңалықтар

Back to top button