Жаңалықтар

Үміткерлер елді мекендерді аралауда

Nur Otan партиясы Шалқар аудандық филиалының сайлауалды штабы да қызу үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр. Партиялық тізімге енген 26 үміткер елді мекендерді аралап, сайлауалды бағдарламаларын көпшілікке жеткізуде.

Жуырда Жылтыр ауылында болған үміткерлер Сқақ Бигеев, Марғұлан Махамбетов пен Ерлан Малаевтар тұрғындарды сайлауалды бағдарламаларымен таныстырды. Онда жастардың елді көркейту жолындағы белсенділігін арттыру, кәсіпкерлікті дамыту жолдары айтылды. Сондай-ақ аталған партияның елімізді өркендету жолындағы орасан еңбегі әңгімеленді. Жетекші партияның бастауымен жүзеге асырылған Қазақстанның басты 7 жетістігін атады. Олар: тарихымызда тұңғыш рет халықаралық деңгейде мойындалған шекарамыз бекітілді, Семей ядролық полигоны жабылды, Арал апатына тосқауыл қойылды, этносаралық бірлік пен дінаралық келісім нығайып, соғыс пен қантөгістерге жол берілмеді, нарықтық экономика қалыптастырылып, бизнестің өркендеуіне жол ашылды, демографиялық дағдарыс еңсерілді, заманауи көлік және әлеуметтік инфрақұрылым қалыптастырылды және де Ел Тәуелсіздігі мен дамуының символы — жаңа астанамыз салынды.

Үміткерлер Nur Otan партиясының алдағы уақытта да қиындықтарды еңсеріп, жаңа жетістіктерге жететінін жеткізді.

— Nur Otan партиясы қандай жағдай болса да халыққа қамқорлығын аяған емес. Толғандырып жүрген сауалдарыңыз болса, біз барынша шешуге тырысамыз. Партияның аудандық филиалы ғимаратында арнайы қабылдау бөлмесі бар, сол жерге барып та өзекті  мәселелеріңізді қоюға болады, — деді С.Бигеев өз сөзінде.

Ауыл тұрғындары елді мекендегі құм көшкінін тоқтату, ол үшін сексеуіл егу, балалар ойнайтын алаң салу, ауыл шетіндегі орман алқабының қоршауын дұрыстау, оған қарайтын жұмысшы бекіту жайларын көтерді. Үміткерлердің атынан кездесуді қорытындылаған С.Бигеев ауыл тұрғындарының көтерген кейбір мәселелеріне тоқталып, шешілетінін жеткізді.

(Nur Otan партиясы Шалқар аудандық филиалының баспасөз қызметі).

Басқа жаңалықтар

Back to top button