Жаңалықтар

Родниковка ауылында жеке тұрғын үй құрылысы үшін инженерлік-коммуникациялық желілер салынады

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Бисенғали Ақзамов пен Наталья Чипегнина өзін-өзі жұмыспен қамтыған Родниковка ауылы тұрғындарымен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.
— Nur Otan партиясының басты бағыты — тұрақты экономикалық даму және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру. Біздің міндетіміз — жұмыс орындарының жеткілікті санын құру, бұл жұмыссыздықты 5,1% деңгейінде сақтауға және 2025 жылға қарай орташа жалақыны кем дегенде 160 мың теңгеге дейін арттыруға мүмкіндік береді, — деді Бисенғали Ақзамов.
Өз сөзінде үміткер партия тұрмыстық жағдайды жақсарту, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру, денсаулық сақтау саласы мен қоршаған ортаны қорғау бойынша қандай шаралар қабылдайтынын айтты.
Бұдан кейін аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Наталья Чипегина партия ауыл тұрғындарының тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін күш салатындығын айтты.
— Nur Otan партиясы отбасы институтын нығайту, олардың материалдық тұрақтылығын қамтамасыз ету, тұрғын үй алу үшін мүмкіндіктер жасау жөніндегі шаралар кешенін қолдануды қажет деп санайды. Бүгінгі күні ауданда тұрғын үй алу кезегінде 500 адам тұр. Родниковка ауылында жеке тұрғын үй құрылысы үшін инженерлік-коммуникациялық желілер салынатын болады, — деді Наталья Чипегина.

(Nur Otan партиясының Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының сайлау қорының қаражатынан төленді).

Басқа жаңалықтар

Back to top button