Жаңалықтар

Жастар жұмысқа тартылады 

Темір аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында аудан орталығындағы «АрАмир» сауда ұжымымен кездесті. 

Кездесуде үміткерлер Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасында атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Еркін форматта өткен кездесу барысында үміткерлер партия тарапынан атқарылып келе жатқан ілкімді істер және алдағы уақыт еншісіндегі байырқалы бастамалары туралы баяндады. Ғабит Адаев өз сөзінде биылғы әлемді жайлаған пандемияға орай карантиндік шектеулер кәсіпкерлік саласына да оңай тимегенін, дегенмен Nur Otan партиясының бағдарламасында еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігін, еліміздің өркендеуін қамтамасыз етуге баса назар аударғанын атап өтті.

— Әсіресе, кәсіпкерлікті қолдау бағытында оң өзгерістер бар. Мысалы, бизнес үшін кедергілерді жою және бәсекелестікті дамыту арқылы шағын және орта бизнестің қызмет алаңын кеңейтуге басымдық беріледі, — деді ол.

Үміткер Хурлиман Нұртуғанова жастарға берілетін патриоттық тәрбие, азаматтық- құқықтық көмек, бұқаралық спортты дамытатын шаралар өткізу жалғасатынын атап өтті. Жастарды қолдау мақсатында жыл сайын 200 жасты жұмысқа орналастыру, сонымен қатар «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жұмысын ұйымдастыру көзделген. «Дипломмен — ауылға» бағдарламасы бойынша мамандарды жұмысқа тартып, «Жастар практикасы» арқылы да жәрдем көрсетілетіндігін баса айтты.

Темір аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Ерлан Актурин Nur Otan партиясы құрылғаннан бері халықтың мүддесін жеткізіп жүрген бірден-бір қоғамдық ұйым болғанына анық көзі жеткенін айта келе, қоршаған ортаның, кенттің тазалығына атсалыса беретіндігін атап өтті. Кездесу барысында мәслихат депутаттығына үміткерлер кәсіпкерлердің толғандырған сауалдарына жауап беріп, Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырды.

Жүйелі саясаттың арқасында еліміз бейбітшілік пен тыныштықта күн кешіп, ауылымыз күн санап көркейіп келеді деген сауда орнының қызметкерлері партияның сайлауалды бағдарламасын тыңдап, аймақтарды дамытуға арналған негізгі бағыттардың ерекшелігіне мән берді, отбасыларымен бірге балаларының келешегі үшін Елбасы басқаратын партияға дауыс беретінін жеткізді.

(Nur Otan партиясы Ақтөбе облысы Темір аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді).

Басқа жаңалықтар

Back to top button