Пікір

Таңдау жасаудың маңызы

Бағжан ЖОЛАМАНОВ,

білім беру ісінің үздігі.

Енді бірер күнде болатын Қазақстан Республикасы Мәжілісінің және жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауы бәріміз үшін де маңызды деп есептейміз. Өйткені бұл сайлаудың мәні өзгеше.

Ең алдымен, еліміздің болашағына қатысты маңызды шараға қатысуды әрбір азамат, өз елінің патриоты мәртебелі іс деп қабылдауы тиіс. Біз үшін ең қажеттісі келешегіміздің кемелді, мемлекетіміздің тұғырлы, ел іргесінің тыныш болуы.

Мен қырық бес жыл ғұмырымды жас ұрпақты тәрбиелеуге арнаған адаммын. Оның ішінде балаларды спортқа баулып, олардың жігерлі де қайсар, қажырлы болып қалыптасуына өзімнің білімім мен тәжірибемді арнадым. Көптеген шәкірттерім еңбекте, спортта биік асуларды бағындырды, олардың арасында ел мерейін көтеріп, ірі жетістіктерімен құрметке бөленіп жүргендері де аз емес. Мұны мен егемен еліміздің нығаюына қосқан азды-көпті үлесім деп білемін.

Әрине, даму жолында тоқырауға, кедергілерге тап болу мақсаттарымыздың жүзеге асуына кедергі келтіреді. Оған жол бермеу үшін елін ойлаған әрбір азамат өз ұстанымын білдіріп, ортақ игілік жолында қимыл-әрекет жасағаны дұрыс деп білемін.

Кім өз тұрмыс-тіршілігінің бұрынғыдан да жақсара түскенін, игіліктерді молынан тұтынғанын қаламайды?

Біздің сайлауға қатысып, дұрыс таңдау жасауымыз — осы жолдағы кезекті қадам іспетті. Сондықтан да мен бәріңізді сайлауға белсене қатысуға шақырамын.

      Шалқар қаласы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button