Пікір

Сайлаудан қалған емеспін

Молдабай АЛМАТОВ, еңбек ардагері

Біздің буын бүгінде алдыңғы толқын легіне де шығып қалды. Қырық бес жыл еңбек етіппін. Еңбек жолымды ауыл шаруашылығында бастап, одан кейін теміржол бойында қызмет жасадым. Бүгінде де жұмыстамыз.

Осы жылдар ішінде сайлаудан қалған емеспін. Бұл шараны өз басым, ең алдымен, азаматтық құқығымды пайдалану, өзіміздің дауысымызды беру арқылы болашаққа сенімді қадам жасау, жақсылықты қолдау деп түсінемін.

Бұрынғы кезеңде сайлау жаппай мереке ретінде өткізілетін. Бүгінде бұл науқанның саяси жағы басым түсуде. «Сайлауда кім жеңеді?» деген сауал басты орынға шықты.

Биылғы сайлауда бірнеше партиялар сайысқа түсті. Яғни бәсекелестік айқын көрінуде. Кім өз бағдарын нақты көрсете алады, халық соған сенеді. Сондықтан да өз басым барлық бағдарламаларды мүмкіндігінше талдап, қарап отырамын.

Біздің әрқайсысымыздың даусымыз шешуші рөл атқаратынын ұмытпауымыз керек. Сондықтан да әр азаматтың сайлауға қатысуы, өз таңдауын жасауы дұрыс деп ойлаймын.

Мен өз басым еліміздің тыныштығы, халқымыздың әл-ауқатының артуы, берекелі өмір сүруі жолында дауыс беремін.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button