Жаңалықтар

Журналистің мерейлі жасы

Облыстық «Актюбинский вестник» газетінің тілшісі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Санат Қалиев алпыс жасқа толды.

Мерейтой иесін осы атаулы мерекесімен қаламдастары атынан Қазақстан Журналистер одағы облыстық ұйымының төрағасы, «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры Раукен Отыншин құттықтады.

Бұқаралық ақпарат саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі журналист есімі бүгінде көпшілікке жақсы танымал. Оның қаламынан туған дүниелері жұртшылықты толғандырған көкейкесті мәселелерді қозғайды, еңбек адамының бейнесін таныстырады, ауыл-ел тұрғындарының өмірін көрсетеді.

Журналист еңбегі лайықты бағаланып келеді. Ол Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған грамотаға екі мәрте ие болды, өткен жылы ғана Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты атанды, бірнеше рет республикалық шығармашылық конкурстардың жүлдегері деп танылды.

 Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button