Жаңалықтар

Гүлімай — «Шалқар ауданының құрметті азаматы»

Шалқар аудандық мәслихатының шешімімен қазақтың тамаша  ақын қызы Гүлімай Әбішқызы «Шалқар ауданының құрметті азаматы» атанды.

Гүлімайдың өлеңдерінде тазалық бар. Құмда өскен адам үшін жантақтың  гүлдеген сәтін көруден артық қызық аз. Тамырын тереңнен алатын жантақтың иісі кермек болуы мүмкін, бірақ онда жасандылық жоқ. Гүлімайдың өлеңдері де сондай!

Құм ішінен алтын терген  ақын биыл мерейлі жасқа толды. Соған орай Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалы жасаған ұсынысты жерлестері қуана құп алыпты.

Құтты болсын!

                                                                                                              Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button