Жаңалықтар

Бауыржан Бабажанұлы — «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты

Осы аптада Қазақстан Жазушылар одағының жыл сайын берілетін Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы лауреаттарының есімдері анықталды.

Лауреаттардың қатарында белгілі ақын, облыстық «Ақтөбе» газетінің бас редакторы Бауыржан Бабажанұлы бар. Сыйлық әріптесімізге «Ниетқабыл» жыр жинағы үшін берілді. Ақынның бұл жыр жинағы оқырманды поэзиядағы ерекше көркемдік ізденістерімен риза еткені мәлім.

Сондай-ақ биыл лауреаттық атаққа Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында тұратын ақтөбелік жерлестеріміз де ие болды.

Беделді сыйлық сатиралық кітаптары үшін қаламгер Табыл Құлиясқа, «Тіршілік миниатюралары» прозалық кітабы үшін жазушы Мәди Айымбетовке, «Жүрегімнің қалауы» атты публицистикалық мақалалары мен очерктері үшін Зәмза Қоңыроваға берілді.

Сыйлық құтты болсын!

«Ақтөбе» газеті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button