Жаңалықтар

Партия мүшелері саябақ ұжымымен кездесті

«Ақ жол» демократиялық партиясының Жамбыл облыстық филиалының үгіт-насихат тобы Тараз қаласындағы орталық саябақ ұжымымен кездесті

Үгіт-насихат кездесуі филиалдың сайлауалды штабында ұйымдастырылды.

Осы саяси науқанға қатысқан барлық партиялардың 10 желтоқсаннан бастап үгіт-насихат жұмыстарын бастағаны баршаға белгілі. «Алаш» қозғалысы қайраткерлерінің ұлттық идеясын қағидатқа айналдырған 20 жылдық тарихы бар «Ақ жол» партиясы да саяси науқанға белсене қатысуда. Біздің кандидаттар еліміздің түкпір-түкпіріне барып, сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, партия атқарған жұмыстар туралы айтуда. Бүгін біз де сіздермен осы мақсатта кездесіп отырмыз, — деді филиал төрағасы Асан Қошмамбетов.

Кездесу барысында партия филиалы төрағасының орынбасары Сейсегүл Дүйсебайқызы партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Ол ондағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалар туралы айтты.

Егер сыбайлас жемқорлық жойылса, көптеген мәселелер шешіледі. Кедейлер мен байлар арасындағы алшақтық қысқарады, — деді партия өкілі.

Кездесу барысында орталық саябақ қызметкерлері атаулы әлеуметтік көмек, кәсіпкерлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларына қатысты сауалдар қойып, нақты жауап алды.

akzhol.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button